ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

Экспо-2017: «Жаңа эко әлем» акциясы

16:00, 29 тамыз 2017

Қостанайда «Экспо-2017» халықаралық көрмесі аясында, «Жаңа эко әлем» акциясы ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, оларды іске жарата білудің тәсілдерімен бөлісу.

Фатима Гулаеваның ауласы ағымдағы жылы ұйымдастырылған «Ең үздік аула» атты қалалық конкурста жеңімпаз атанды. Ол жетістікке тұрғындардың қиялы мен өз айналасына деген тазалықтың арқасында қол жеткізгендері жасырын емес. Безендіре білу де – бір өнер. Әсіресе, тұрмыстық қалдықтардан түрлі мүсіндер жасау жеңіске жетеледі дейді кейіпкеріміз.

Былтыр ел бойынша «Жасыл экономикаға» көшу туралы концепция қабылданған еді.  Онда қоршаған ортаны күл-қоқыстан арылту, жарамсыз тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және қайта пайдалану тәрізді маңызы зор мәселелер көтерілді. Осы орайда, жергілікті атқарушы органдар мен жекеменшік компаниялар арасында өзара қарым-қатынас жасасудың жол картасы әзірленді. Соның арқасында қатқыл қалдықтарды сұрыптау желісі іске қосылды.

Айналаны  таза ұстау, қоқыс контейнерлерін өз ретімен пайдалану - жалпыхалықтық мәдениетке айналуы тиіс. Келешекте көпшілікті «Жасыл экономикаға» бейімдеу үшін  қағаз, пластик, шыны және аралас қалдықтарды бөлек жинауға арналған 10 мыңдай контейнер орнатылады. Тұрғындар қызыл, жасыл, сары және көк түсті жәшіктердің қайсысына қандай қоқыс тастау керектігін білуі үшін олардың бетіне арнайы нұсқаулықтар жазылатын болады, - дейді акция бастамашылары.

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
20:36, 25 желтоқсан 2018
«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
20:32, 3 қыркүйек 2018
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...