ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

«ЭКСПО - 2017». Қостанайлықтар әсерлерімен бөлісуде

20:37, 14 тамыз 2017

Өткен аптада Астанада «Экспо-2017» халықаралық көрмесі аясында Қостанай облысының мәдениет күндері өткен болатын. Оған Тобыл өңірінен өнер ұжымдары, қолөнер шеберлері және басқа да мәдениет саласының майталмандары атсалысты. Жаһандық жиынға астықты аймақ атынан аттанған делегация құрамында қой жүнінен кескіндеме жасаудың хас шебері - Арлан Аңқауов та болған еді. Он күндік сапар барысында ол көлемді көрмеден алған керемет әсерімен бөлісті.

«Экспо-2017» халықаралық көрмесі аясында құрылған «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде қостанайлық 20-ға жуық қолөнер шеберлерінің жұмыстары қойылған. Солардың ішінде «Арлан дизайн» студиясының да туындылары туристер мен көрмеге келгендерді тәнті етпей қоймады. Жалпы, «Этноауыл» арқылы шетелдіктер мен қала тұрғындарына қазақтың салт-дәстүрлерін, мәдени құндылықтарын насихаттау көзделген. Көрмеден өз басым керемет әсермен оралып отырмын дейді қолөнер шебері.

Ағайынды Аңқауовтар өнерінің ең басты ерекшелігі - бейнелерді кәдімгі табиғи қой жүнінің көмегімен кескіндеуінде. Бұл бұрынғы түр салып киіз басуға ұқсайды. Жаңаша бейнелеу тәсілі туристерден тыс ел азаматтарын да ерекше қызықтырары анық. Сол себепті, ол өз туындыларын молынан апарған.      

Ақ күмісті қақтаған шеберлер мен былғарымен сырылған ер-тұрманды әшекейлеп, жүзік-сырға әзірлеп әкелген зергерлердің өнеріне тәнті болмаған жан қалмады. Бәрі қолмен ұстап, тағып көріп, сатып алып жатты. Менің де жұмыстарым шетелдіктерді қызықтырмай қоймады. Елдеріне кеткелі тұрған туристерге екі картинамды саудаладым, -  дейді қолөнер шебері.

Этноауылда» көзге ұшырасқан көркем көріністердің бәрі жүрегіме ерекше рух пен мақтаныш сезімін ұялатты. Онда құр Қостанай облысының ғана емес, тұтас қазақ ұлтының мәдениеті мен өнері насихатталды. Шетелдіктер алдында рухани жаңғырғанымызға жалпақ ел куә, -  дейді елордадан естен кетпес естеліктермен оралған қолөнер шебері.

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
20:36, 25 желтоқсан 2018
«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
20:32, 3 қыркүйек 2018
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...