ШҰҒЫЛ! ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ Толығырақ

«ЭКСПО -2017» КӨРМЕСІНЕ ҰСЫНЫЛҒАН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗІЛУДЕ

18:05, 30 шілде 2018

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 100-ден аса мемлекет болашақтың энергиясы тақырыбында өз технологияларын ұсынған. Бұл экономикалық тұрғыдан үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Елбасымыздың бастамасымен өткізілген салмақты шарада Тобыл өңірі де қазақстандықтар мен шетелдіктерді тың жобалармен таңқалдырды. Жергілікті ғалымдар энергия өндірудің тиімді тәсілдерін қолданысқа енгізді. Қостанай облысында осы бағытта барлығы 13 жоба жүзеге асырылмақ.

Қазақстандағы компаниялар халықаралық «Экспо-2017» көрмесінен іріктеліп алынған тың технологияларды қолданысқа енгізу бойынша бағалау жұмыстарын жүргізілген еді. Бұл - көрмеден кейінгі нәтижені арттырудың бірден-бір амалы.  Бас аяғы 105 технология ұсынылған еді. Оның 28 і отандық ғалымдардың үлесінде.  Осыған орай Энергетика министрлігі төрт бағыт бойынша  халықаралық павильондарға мониторинг жүргізген. Бүгінде әрбір аймақ әкімдіктерімен және компаниялармен тиісті жұмыстарды жалғастыруда.  Қостанай облысында 13 жоба жүзеге асырылуда.  6 ауы жүзеге асса, қалғаны жақында іске қосылады.  Озық технология жобаларының құны 1,3 млрд теңгені құрайды.

Науырзым ауданында былтырғы күзде орнатылған жел-күн электр станциясы жылына 200 мың теңге үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Аталған жобаның жалпы құны 3,9 млн теңге. Әулиекөл ауданындағы күн сужылытқышы жылына 120 мың теңге үнемдейді. Жобаның бағасы – 310 мың теңге.  Ал алдағы уақытта өңірде электромобильдер құрылысы қарқын ала түспек. Республикалық маңызы бар қалаларда арнайы қуаттандыру орталықтары да салынуда. Одан бөлек,  Қостанайда 200 квт күші бар күн энергиясын пайдаланатын станция салу жоспары бар. Лисаковтағы осыған ұқсас  жарық шамдар орнатылған. Бұл жылына 800 мың теңгені үнемдеуге жағдай туғызып отыр.  Дамыған озық елдердегі бұл тәжірибе өз тиімділігін дәлелдеген.
 

Өңір басшысы  Қостанай ауданы қолға қалған «Смарт орындықтарды» барлық облыстық маңызы бар қалаларға  орналастыруды тапсырды.  Құны 400 мың теңгені құрайды.  Күн сәулелері  арқылы қуат жинап,  тоқ көзін бере алады.  Мол қаржыны талап етпейтін осындай шағын жобалар жетерлік біздің облысымызда. Соларды іске қосу қажет. Біз қаржы үнемдеу арқылы, баламалы энергия көздерін игеруіміз керек, деді Архимед Мұхамбетов. Сондай ақ,  бұл бағыттағы жұмыстары сылбыр аудандарды сынға алды.

Сарыкөл, Меңдіқара, Федоров, Алтынсарин, Қарабалық, Қарасу  аудандарында да бір де бір жоба жүзеге аспаған.   Архимед Бегенжанұлы жауапты тұлғаларға баламалы энергия көздері  бойынша 15 тамызға дейін жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
20:36, 25 желтоқсан 2018
«ЭКСПО-2017» КӨРІНІСТЕРІ ОБЛЫСТА ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
20:32, 3 қыркүйек 2018
«ЭКСПО - 2017» ЖОБАЛАРЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІСКЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
09:42, 20 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...