ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

20:20, 8 маусым 2021

Сапалы білім – жарқын келешектің кепілі. Жастар жылының ашылу жиынында Елбасы «Жас маман» жобасын әзірлеу туралы тапсырма жүктеген болатын. Оның негізгі мақсаты – сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік мамандықтар бойынша даярлайтын оқу орындарын жаңғырту, халықаралық тәжірибені енгізу. Осы бағдарламының игілігін көргендердің бірі – Лисаков қаласының техникалық колледжі. Толығырақ.

«Жас маман» жобасының іріктеуіне облыстағы 34 колледждің 10-ы енген. Бұл тізімде Лисаков техникалық колледжі де бар. Оқу орны материалдық-техникалық базасын нығайтуға мемлекеттің 286 млн теңге қаржылай көмегіне ие болған.

Бүгінде жаңа жобаның аясында оқу орны гидравликалық, шынжыр табанды шағын экскаватормен толыққан. Ол студенттердің теориялық білімін тәжірибеде тиімді қолдануларына бағытталған. Білім алушылар бұл техниканың көмегімен шынжырлы агрегатты жүргізіп қана қоймай, онымен топырақты тасымалдау, өңдеу істеріне де машықтанады.

Лисаков техникалық колледжінде түрлі мамандықта 700-ден астам студент білім алуда. Жаңадан пайдалануға берілген оқу техникалары жоғары білікті маман даярлауға мол мүмкіндік бермек. Даниил Хухаркин – 2 курс студенті. Практикалық сабақта жүрген оның бұл –  экскаваторға 3-ші рет отыруы.

Сондай-ақ, «Жас маман» жобасының аясында интерактивті лед-панельдер де алынған.  Оқытушылар сандық интерактивті оқыту үлгісінің білім беру бағдарламасы тиімділігін арттыратынына сенімді.

«Жас маман» жобасы – студенттер үшін кәсіби даму негізі болмақ. Елбасының бастамасымен қолға алынған бағдарламаны іске асыру барысында, елімізде 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын замани жабдықпен жасақтап, оқу бағдарламасына жаңашылдық енгізу көзделген.

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ТЕХНИКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:50, 15 маусым 2021
ЖАС ТЕХНИКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...