ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

20:19, 8 маусым 2021

Демографиялық көрсеткіштің жақсаруына байланысты Қарабалық ауданында мектеп жасындағы оқушылардың саны 3 мыңнан асып отыр. Осыған орай, ауданда биыл мемлекеттік тілде оқытатын 320 орындық білім ошағының құрылысы басталды. Жоба құны – 1 млрд 123 млн теңге.

1 млрд 123 млн теңге. Бұл Қарабалық ауданында 320 орындық мектепті салуға бөлінген қаржы. Қазіргі таңда құрылыстың 15 пайыз жұмыстары атқарылған. Заман талабына сай бой тіктеген нысан, келер жылы ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр. Облыста жалпы біліммен қамтуға, оның ішінде заман талабына сай білім беретін ғимараттар салуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, өңірдегі апатты жағдайда тұрған мектептердің орнына жаңасын салу мен ескі ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу – күн тәртібіндегі мәселе. Бұл жаңа мектептің құрылысы 2 апта бұрын басталған. 320 орындық білім ошағында балалардың жан-жақты оқып-жетілуі үшін бар жағдай жасалмақ.

Құрылыс жұмыстары қарқынды. 70-ке жуық адам екі ауысымда қауырт қимылдай отырып, белгіленген кестеге сәйкес жұмыс атқаруда. Қажетті материалдар жеткілікті.

Ауданы 6234 м 2-ты құрайтын білім ордасы келер оқу жылында пайдалануға берілмек. Жаңа техникалық жабдықтармен жабдықталатын 2 қабатты мектепте 300 ден астам бала білім алатын болады. 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ТЕХНИКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:50, 15 маусым 2021
ЖАС ТЕХНИКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...