ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ

09:38, 15 қазан 2021

«Білімге құштар Ыбырай шәкірттері». Осындай атаумен Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 5-ші сынып оқушылары үшін мұражай сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты - Ыбырай Алтынсариннің мұрасына шолу жасау және мектеп оқушыларына ұлы тұлғаның ерен еңбегін насихаттау. Мектеп қабырғасында өткен мұражай сағатында 5 сынып оқушылары ұлы ұстаздың өскен ортасын, оқыған мектебін, дүниетанымын бүгінгі күн талабымен ұштастыра жаңаша көзқараспен көріп, жәдігерлерлерімен танысты. Ұлы педагогтың 180 жылдығына орай 11 сынып оқушылары арнайы «Ыбырай атындағы оқу орындары» картасын жасап, QR кодтарды енгізген. Қазақ даласына білімнің алтын шуағын шашқан дара ұстаздың еңбеген өскелең ұрпаққа паш ету – біздің ортақ міндетіміз дейді мектеп директоры. Мектеп мұражайын аралап, тарихи жәдігерлерді тамашалаған оқушылар мол әсер алғандарын айтады. Ұлы ағартушының суреттері, кітаптары «Кел балалар оқылық!» деп тіл қатқандай болады. Мұражайдың қызығына батқан өскелең ұрпақ ұлы ұстаздың өмірін көз алдымызға елестеттік дейді. Тұңғыш ұлттық мектебіміздің негізін қалаушы ұлы ұстаз әрі кемеңгер ағартушы атамыз атындағы мектеп мұражайы 2 бөліктен құралған, біріншісінде Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің көшірме үлгісі, кітаптары мен ұлы ұстаз мүсіні қойылған, ал екінші бөлігінде фотосуреттер мен заттар үлгісі орналасқан. Мектеп ұжымының айтуынша, мұражай мұрасы жыл сайын толығып, қайта жаңғыртылып отырады. Айта кетейік, ұлт ұстазының 180 жылдығына арналған жоба-жоспарлар облыс көлемінде жоғары деңгейде атқарылуда. Өйткені, Алтынсарин атқарған ағартушылық қызмет алаш үшін алтыннан да қымбат. Білімге құштар Ыбырай шәкірттері мұражай сағатынан соң, Дархан Әбдіктің «Ыбырай ұстаз» атты кинофильмін тамашалады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ - ОЗЫҚ ОНДЫҚ ТІЗІМІНДЕ
10:17, 25 қараша 2021
ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ - ОЗЫҚ ОНДЫҚ ТІЗІМІНДЕ
Толығырақ...
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНУДЕ
11:08, 18 қараша 2021
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...