ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

10:44, 19 қараша 2021

Өңірде «World skills Kazakhstan» байқауының республикалық кезеңі өтті. Кәсіптік мамандықтың беделін арттырып, білікті ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатындағы додаға республиканың орта білім беру мекемелерінен 12 қатысушы бақ сынасты. Үздік деп танылған кімдер? Толығырақ тілші тарқатады.

Сайыс барысында мамандардың кәсіби шеберлігі үш бағыт бойынша анықталды. Компьютерлік тестілеу, бағдарламалық басқару және автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету. Алматы қаласынан келген Азамат Омаров байқау барысында автомобиль көлігіне электромонтаждау жұмыстарын жүргізіп, сайыстан алған әсерімен бөлісті. WorldSkills – жұмысшы кәсі­бінің мәртебесін арттырып қана қоймай, кәсібилікті наси­хаттауды мақсат ететін қозғалыс. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру – мемлекет алға қойып отыр­ған басты мақсаттардың бірі. Сайыс барысында  еліміздің әр айма­ғы­нан келген 12 үміткерді 20-дан  аса сарапшы бағалады.

Қатысушылар Қостанай автомобиль көлігі колледжінің материалдық техникалық базасы мықты екенін айтады. Колледж бүгінде жергілікті машина жасау зауытымен әріптестік орнатқан. Ел көлемінде аталған білім ордасының түлектері жемісті еңбек етіп келеді. Сондықтан, республикалық байқаудың дәл осы білім ордасында өтуі орынды, - дейді ұйымдастырушылар.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ - ОЗЫҚ ОНДЫҚ ТІЗІМІНДЕ
10:17, 25 қараша 2021
ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ - ОЗЫҚ ОНДЫҚ ТІЗІМІНДЕ
Толығырақ...
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНУДЕ
11:08, 18 қараша 2021
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНУДЕ
Толығырақ...
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРЫП, БАҒАЛЫ КАДР БОЛУ ТӘСІЛІ
13:43, 17 қараша 2021
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРЫП, БАҒАЛЫ КАДР БОЛУ ТӘСІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...