ШҰҒЫЛ! ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІП, ӨТКІЗУ ҮШІН ЗАҢ ЖЕТІЛДІРІЛДІ Толығырақ

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

10:46, 6 қазан 2021

Ол талай шәкіртті білім нәрімен сусындатып, 35 жыл өмірін осы салаға арнаған. Мектептердегі білім беру жүйесін жаңғырту ісіне қосқан үлесі аз емес. Қостанай ауданындағы Абай орта мектебінде мәртебелі мамандық иесі Гүл Сәрсенбаеваның атындағы «орыс тілі және орыс әдебиеті» кабинеті ашылды. Толығырақ тілші тарқатсын. Ұлағатты ұстаз Гүл Сәрсенбаева өзінің еңбек жолын сонау жетпісінші жылдардан бастаған. Білім беру ісіне бар ғұмырын арнаған оның еңбек өтілі – 35 жыл. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге әліппені үйретіп, «өмір» деп аталатын таңғажайып әлемге жол сілтеген Гүл Сәрсенбаеваның аялы алақаны мен жүрек жылуы Абай мектебінің түлектеріне ұмытылмас сырлы мезет. Гүл Сәрсенбаеваның шәкірттері бүгінде сан саланың тізгінің ұстаған білікті мамандар. «Ұстаз еңбегінің нәтижесі – саналы тәрбие, сапалы біліммен қаруланған шәкірт, сондықтан ұстаз болу – ең жауапты мамандық, дейді мәртебелі мұғалім. Абай орта мектебінің өркендеп дамуына өлшеусіз үлес қосып, талай ұрпақтың зейінін ашқан ұлағатты ұстаздың есіміне кабинеттің ашылуы өте орынды екенің мектеп директоры Гүлжан Ердәулетова да атап өтті. Ол кісінің әрбір айтқан сөзі, іс-қимылы-өскелең ұрпақ қана емес, барша ұстаздар қауымына да үлгі, деді ол.Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болып, қазақ баласының санасына білім мен тәрбиенің нәрін құйған ұлтжанды ұстаздың мерейі мен мәртебесі мол екенін білім саласының ардагерлері де сөз етті.Әріптестері Гүл Сәрсенбаева тумысынан ұстаз болып жаралған, дейді. Осындай ұлы есімді арқалаған жанның атына кабинеттің ашылуы өте орынды екенін айтады. Гүлжан Жеңіс, Манарбек Қосқолов, Қостанай теларнасы

Тақырып бойынша материалдар

БЕС ЖЫЛДА МУЗЫКА МЕКТЕБІ 921 ЛАУРЕАТ ДАЙЫНДАҒАН
09:23, 21 қазан 2021
БЕС ЖЫЛДА МУЗЫКА МЕКТЕБІ 921 ЛАУРЕАТ ДАЙЫНДАҒАН
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ
10:55, 19 қазан 2021
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ
Толығырақ...
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ
09:38, 15 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...