ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

20:17, 18 ақпан 2021

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы». Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ол берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Біздің арнаның «Менің қолтаңбам» бағдарламасына арқау етіп алған жан да осы саланың майталманы. Басшылық қызметімен қатар, оқушылары республикалық, халықаралық байқаулардан төбе көрсетіп жүр. Ұстаздың еңбек жолынан тілшіміз айтсын.

Қымбат Исланбекқызы – білікті ұстаз, сыйлы басшы, әділ депутат. Ұрпақ тәрбиелеуде, ұжыммен тіл табысуда, сол арқылы мектеп мәртебесін көтеруде, халыққа, қоғамға пайдасын тигізуде алдына жан салмайды. Дегенмен, ұстаздық сала – ең жанына жақыны, ыстығы. Оқушылары да қазақ тілі, әдебиеті пәнінен түрлі деңгейдегі байқаулардан олжалы оралып жүр. Осынша қызметті бір арнаға тоғыстырып, оң нәтиже көруінің құпиясын сұрадық.

Ал ұжымды бір уыста жинақы ұстау, оларға үлгі бола білу білікті басшының ғана құзырында болмақ. Мұны кейіпкеріміз жақсы түсінеді. Сол себепті де мектеп дәрежесі үшін жасалған әрбір іс марапатсыз қалған емес. Білім ордасына Би ағаның есімін алып беру, орта мектептен мектеп-гимназиясы дәрежесіне көтерілу осы ішінара қалыптасқан бірліктің нәтижесі.

Айта кетейік, Қымбат Бірманова жақында қалалық мәжіліс депутаты болып сайланды. Оның да өзіндік мақсат-межесі бар. Халықтың тұрмысын көтеру, шын мұқтаждарға қолғабыс ету. Шынымен бірнеше салаға бірдей үлгеріп, нәтижелі жұмыстар атқару әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Кейіпкердің еңбек жолы мен өмірлік сабақтары қызықтырса, жексенбі, сағат 21,30-да «Менің қолтаңбам» бағдарламасын жіберіп алмаңыздар.

Гүлсезім Ақтас

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
20:11, 22 ақпан 2021
БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...