ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

ҰБТ-2021 ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

20:43, 1 сәуір 2021

Бірер айдан соң қазақстандық мектеп түлектері қорытынды сынақ тапсырады. Одан соң, мамандандырылған орталықтарда компьютер арқылы ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Оқушылардың бір емес, екі мүмкіндігі бар. Биылғы тестілеудің форматында қандай жаңашылдықтар бар? Толығырақ тілші материалында.

Биыл өңірімізде 9 мыңнан астам оқушы 9 сынып бітірсе, 4800 оқушы 11 сынып түлектері. Ағымдағы жылы қазақстандық мектеп оқушылары қорытынды аттестацияны 28 мамыр мен 7 маусым аралығында тапсырады. 9-шы сынып оқушылары үшін емтихан 3 пән бойынша жүргізіледі. Ал, 11 сынып оқушылары 4 емтиханнан өткен соң, ұлттық бірыңғай тест  тапсырады. Егер бұған дейін әрбір оқушыға тест тапсырмалары бар кітапша берілсе, енді дербес компьютер ұсынылады. Енді ҰБТ тапсыру белгілі бір күнге ғана белгіленбейді. Өткен жылдары оқушылар емтихан тапсыратын 10 күнді елеңдеп күтсе, енді ҰБТ тапсыру үш айға созылады.

Жаңа ереже бойынша, мектеп оқушылары ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады. ҰБТ-ны бір рет тапсыру тегін болады. Қазір екінші рет тапсыруды да ақысыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Екінші ҰБТ ақшалай негізде болған күннің өзінде оның сомасы 2 242 теңгеден аспайды. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша көп шара қабылданды. Ешкімнің жүйеге сырттан қосылу мүмкіндігі болмайтынын жеткізді білім басқармасының басшысы.

Жаңа форматтың негізгі жағымды тұсы, тест парақшасындағы жауаптарды кездейсоқ бояу болмайды. Компьютердегі тестіде оқушы өз жауаптарын өзгерте алады және бір пәннен келесісіне өту мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, тест нәтижесін кешке дейін күту қажеттілігі жоқ. Бұдан бөлек, оқушылар тест нәтижесін алған соң бірден апелляцияға өтініш бере алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...