ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

Студенттерге жабдықталған жатақхана керек

09:56, 8 қыркүйек 2021

Елімізде студенттерге арналған 75 мың орындық жатақхана салу міндеттері кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Межелі міндет 2022- жылға дейін толық орындалуы тиіс. Одан кейін де жалғаса беретіні сөзсіз. Жаңадан салынған жатақханаларға қойылар талаптар бөлек әңгіме. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған студенттер үйінің жай-жапсары қандай? Бұл сұраққа «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері жүргізген мониторинг барысында жауап берілді.

2018-ші жылы Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» жарияланды. Соның бір бағыты - студенттердің өмір сүру жағдайын жақсартуға, оларды жатақханамен қамтуға бағытталған. Су жаңа студенттер үйі құрылысын былай қойғанда, бүгінгі уақытта жұмыс істеп тұрған жатақханалар жастар үшін қаншалықты қауіпсіз, қаншалықты қолайлы деп айтуға болады? Мониторингтік топ мүшелерінің мәлімдеуінше, өздері аралаған студенттер үйінің сыры да, сыны да кеткен. Тұрмыстық тұрғыда жабдықталу жағынан сын көтермейді. Бұл мәселе әрбір жаңа оқу жылы сайын қозғалады. Қаржылық қиындықтарға байланысты күрделі жөндеу кейінге қалдырылып келеді. Дегенмен, ағымдағы жөндеу іс-шаралары атқарылып, жастарға қолайлылық туғызу үшін қолдан келгенше қам-қарекеттер жасалып жатқанын да айта кету керек. Оны студенттер де қуаттайды.

Елімізде білім сапасының деңгейін жақсартумен қатар, білім беру орындарының инфрақұрылымын жаңарту – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, көптеген студент тиісті талаптар сақталмайтын ескі жатақханаларда тұруға мәжбүр. Пәтер жалдап шығындалғанша, арзан бағаға жатақхана паналауды тиімді санайтын студенттерге құрғақ уәдеден гөрі нәтижелі іс-әрекет қажет!

Айдын, Бахтияр  «Қостанай» телеарнасы   

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ
09:44, 23 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚОС ӨНЕРПАЗ ҚҰРМЕТТЕЛДІ
09:00, 22 қыркүйек 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚОС ӨНЕРПАЗ ҚҰРМЕТТЕЛДІ
Толығырақ...
КӘСІПТІК БІЛІМ: ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕКПІНДІ ҚАДАМ
08:49, 22 қыркүйек 2021
КӘСІПТІК БІЛІМ: ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕКПІНДІ ҚАДАМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...