ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

САПАЛЫ БІЛІМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

20:41, 7 маусым 2021

Астықты аймақта жаңа кейіпке енген білім ордалары жылдан жылға еселеніп келеді. Биыл мемлекеттік бағдарлама шенберінде елді мекендердегі бірқатар мекемелер жаңартылды. Білім беру және ғылым саласын дамыту үшін қолға алынып жатқан шаралар да жетерлік. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген рейтингке сәйкес, үздік білім беру бағдарламасы бойынша Арқалық педагогикалық институты алғашқы үштікке енді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының 2020-2022 жылдарға арналған жоспарлары мен жетістіктері» атты брифингте айтылды.

Білім саласын ілгерілету – мемлекеттік саясаттың басты тетіктерінің бірі. Сондықтан елімізде білім беру және ғылым саласын дамыту үшін қолға алынып жатқан шаралар жетерлік. Атап айтқанда, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты білім бағдарламасы бойынша алғашқы үштікке кірген.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «Білім туралы» Заңға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды беру құқығы беріледі. Осылайша, 2021 жылы «ALTYNSARIN INSTITÝTY» логотипін қоса отырып, жаңартылған дизайнмен алғашқы дипломдарды бермек.

Оқу үдерісі өтетін 2 оқу ғимараты және 2 студенттер үйі бар, студенттердің барлығын жатын орынмен қамтып, білім алуына қолайлы жағдай жасалған. Алдағы жылы Алаш арысы А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы және институттың ашылғанына – 50 жыл. Маңызы бар мерейтойлық аталымды мазмұнды өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары бекітіліп, әзірлік жұмыстары да басталып кеткен. Қазіргі заманғы білім беру ұйымының бәсекеге қабілеттілігінің маңызды шарты – жоғары білікті оқытушылар құрамын қалыптастыру. 113 штатты құрайтын 10 кафедрада білім беру процесін жүзеге асыруда. Сапаға қарай бағытталған жұмыстың нәтижесі де байқалуда.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ТЕХНИКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:50, 15 маусым 2021
ЖАС ТЕХНИКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...