
: «Рухани жаңғыру» бағдарламасында білімнің салтанат құруына Елбасы ерекше тоқталды. Бұл бағыт бойынша облыста ауқымды жұмыстар атқарылды. Солардың бірі - елді мекендерде мектептер ашылып, балабақшалар жаңа кейіпке еніп жатыр. Тобыл қаласында пайдалануға берілген білім ошағы да көптен шешімін күткен өзекті мәселе болатын.
Тобыл кентінде осыған дейін ешқандай мемлекеттік тілде дәріс беретін білім ошағы болмаған еді. Биылғы оқу жылында мұнда жаңадан қазақ мектебі ашылды. Қазір бұл білім ошағында жүзден астам шәкірт ана тілінде білім алуда.Жаңа білім ошағында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге баса назар аударылуда. Мұндағы ұстаздардың да біразы еңбек жолын осы ұжымда биыл бастап отырған жас мамандар. Оларға тәжірибелі мұғалімдер әдістемелік көмек көрсетіп, жетекшілік жасауда. Алған қойған мақсатымыз-оқушыларға мемлекеттік тілде заман талабына сай білім беру. Мектепте бұған барлық жағдай жасалған,-дейді ұстаздар.
Қ.Сейдахмет. Б.Жантаев Қостанай телеарнасы