ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖОБАСЫ

20:29, 9 маусым 2021

Қостанайда жазғы мектептердің жұмысы қызу жүріп жатыр. Онда балалар қашықтан оқу кезінде үлгермеген оқу бағдарламасын немесе терең түсіне алмаған тақырыптарды қайта қарастырып, пысықтайды. Сабақтар санитарлық жағдайларды сақтай отырып, штаттық режимде өтеді.

Қостанай қалалық №1 мектеп-лицейінде 1545 оқушы бар. Оның 200-ге жуығы жазғы мектеп жобасыгна қатысуда. Солардың бірі қостанайлық Дияр Айқадамов биыл 10-сыныпты аяқтады. Пандемияға байланысты сабақтың басым бөлігін үйде отырып қашықтан оқыған. Мұғалімі мен сыныптастарын сағынып, мектептің ашылуын асыға күткен.
 

Биыл жазғы мектепке келушілердің қарасы қалың. Өйткені қашықтан оқу кезінде көбінің үлгерімі төмендеп кеткен. Енді осы мүмкіндікті пайдаланып көбі білімін толықтыруға ниетті. Ұстаздар да баланың демалыс уақытын алмай, маңызды сабақтарды мейлінше жылдам оқытуға тырысады.Карантин талаптарын сақтау үшін бір сыныпта 15 баладан отырмайды.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мектептердің жұмысы педагогтардың коронавирусқа қарсы вакцинаны егу көрсетікішіне байланысты шешіледі.
Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ТЕХНИКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:50, 15 маусым 2021
ЖАС ТЕХНИКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...