ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУДЕ

20:16, 11 мамыр 2021

Қазіргі таңда әлемде робототехника ғылымы кеңінен қолданыс табуда. Қазақстан дамыған елдер қатарынан көріну мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытына бетбұрыс жасап келеді. Ғылымның бұл түрі жайлы түсінік ерте жастан қалыптаса түскені абзал. Осы мақсатта аудан орталықтарының білім беру ұйымдарында оқушылар робототехника пәнінің 9 бағыты бойынша жаңа технологияның қыр-сырын меңгеріп жатыр. Толығырақ.

Осыдан бірнеше жыл бұрын фильмдерден ғана көретін роботтар енді көз алдымызда. Болашақ технологиясы -  ғалымдардың емес, қарапайым мектеп оқушыларының қолынан шыққан туынды. Мәселен, 10 жасар Максим ультрадыбысты бақылауға икемді құрылғы ойлап тапқан. Ол жүреді, көреді, тіпті қашықтықтан ақпарат тарату мүмкіндігіне де ие.

Мына заманауи роботтар адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, қауіпсіз етуіне бағытталған. Құлтемірлердің әрқайсысы өзінше қызықты. Жасөспірімдер мұнда сымдарды дәнекерлеп қана қоймай, қажет десеңіз, бөлшектерді жинап, қиялға да ерік бере алады. Әр жас ойлап тапқыш қалаған ойын жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Мысалы, болашақ ғалымның қолынан шыққан мына құрылғы қоқыстан тазарту жүйесін оңтайландырмақ. Работотехникамен шұғылдануға қажетті барлық құрылғылар қосымша білім беру мекемесінде  жеткілікті. Жаңа қоңдырғылар жақында ғана сатып алынған. Мектеп оқушыларының  ендігі міндеті - ізденіс пен жаңашылдықты меңгеруді доғармау дейді оқытушылар.

Білімді, саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу жолында дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра қызмет ету, еңбектену, іздену – бүгінгі педагог міндеті. Оқушылар алдағы уақытта талай жарыстарға қатысып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін сынауға дайын екендерін жеткізді.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ТЕХНИКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:50, 15 маусым 2021
ЖАС ТЕХНИКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...