ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

МҰҒАЛІМДЕР ВАКЦИНА САЛДЫРЫП ЖАТЫР

20:36, 6 сәуір 2021

«Спутник V» вакцинасын егу жалғасып жатыр. Қостанай облысында екпені білім беру саласының мамандары өз еркімен салдыруда. Бәрінің жағдайы қалыпты, арыз-шағымы жоқ. Егу бөлмесінде санитарлық талаптар қатаң сақталған. Вакцина салдыруға келген азаматтар толық тексерістен өтіп, екпеден кейін 3 тәулік бойы дәрігердің бақылауында болады.

Математика пәнінің мұғалімі Арыстанбек Баязит алғашқылардың бірі болып вакцина салдырды. Қос компоненттік доза қабылдаған ұстаз өзін сергек сезінетіндігін айтады. Сақтықта қорлық жоқ деп көпшілік ортада бетпердені тастамай жүр.
 

Ал Зәмзәгүл Досымова «Спутник V» дің алғашқы компонентін еккізді. Жағдайы қалыпты болғандықтан мектепте оффлайн форматта қызметіне кірісті. 3 аптадан соң екінші дозаны алу үшін емханаға қайтадан баруы тиіс.
 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде коронавирусқа қарсы 268 түрлі вакцина өндірілген. Бірақ оның аз бөлігі ғана өз тиімділігін дәлелдеп, ресми тіркелді. Елімізде білім саласының қызметкерлеріне салынып жатқан «Спутник V» соның бірі. Сондықтан дәрігерлер күмәндануға негіз жоқ, дейді. Жалпы вакциналау басталған уақыттан бері 7 жарым мың қостанайлық екпе салдырған.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ 4-ШІ ТОҚСАН ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА БАСТАЛДЫ
20:08, 5 сәуір 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ 4-ШІ ТОҚСАН ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...