ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН

20:36, 14 қаңтар 2021

Хабарымызды жалғастырамыз. Президент «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында мемлекеттік тілдің мәртебесіне ерекше тоқталды. Қазақ тілін білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы,-деді. Осы ретте өңірімізде бұған дейін атқарылған ауқымды істер қатары толыға түспек. Сала мамандарының айтуынша, облыста мемлекеттік тілді меңгергендер қатары артып, үштілдік саясат та жоспарға сай жүргізілуде.

Қостанай облысында тілдерді оқытатын 20 орталық бар. Олардың базасында соңғы үш жылда 18 мыңнан астам адам мемлекеттік тілді, 5 мыңнан астам тұрғын ағылшынша оқыған. Өз тілдерін оқыған этнос өкілдерінің саны – 437. Былтыр орталықтарда 8 мыңнан аса тыңдаушы тілдерді меңгерген. Олардың 6 600-дейі қазақ тіліне ден қойған. 

2020 жылдан бастау алған деңгейлік қысқа мерзімді курстар А1А2 деңгейлері бойынша оқытылады. Яғни қазақ тілінің ең қараппайым ережелері мен ауызекі сөйлеу дағдысы қалыптасады.  Ал кейін В1В2 және С1С2 деңгейі бойынша ұзақ мерзімді курстар өткізу жоспарланып отыр.  

Алдағы уақытта тіл саясатын тұғырландырудың жаңа межесі алға қойылып отыр. Ол, Үкімет қаулысымен бекітілген ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2050 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау. Бағдарлама 4 нысаналы индикатормен өлшенетін болады.  

 

Мәдина Ерікқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...