ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

МЕКТЕПТЕРГЕ ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАР ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ

20:09, 11 тамыз 2021

Қазақстанның мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі білім беру форматына оралады. Осыған орай, облыс көлемінде білім мекемелерінде жаңа оқу жылына дайындық жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқу орындары жаңа оқулықпен қамтамасыз ете басталды. 10-шы тамыздан бастап жүк көліктері мектептерге барып, оқулықтарды таратуда. Толығырақ.

Оқушыларды оқулықтармен толық қамтамасыз ету, сондай-ақ кітапханалар мен кітапханашылардың қоғамдық-саяси белсенділіктерін арттыру. Бұл – кітап үлестіру жобасының басты мақсаты. Кітап алуға облыстық бюджеттен бөлінген қаражат соммасы – 1 млрд 240 млн теңге.

Қазіргі таңда білім беру бөлімдері мен басқармалары әр мектептің оқулықпен қамтамасыз етілу мониторингін жүргізуде. Онда барлық білім беру ұйымдарында болатын әдеттегі проблемаларды анықтау, соның ішінде жаңа оқу жылында оқулықтардың жетіспеушілігін білу, аудандар мен қаладан оқулықтар бойынша мәліметтер жинау бойынша жұмыстар жүргізілген.

Облыстық білім басқармасы республикалық 20 баспамен арнайы келісім шарт жасасқан. Қазіргі таңда Астанакітап баспасының оқулықтары 100 пайыз келіп жеткен.  Мамандардың айтуынша, 20-шы тамызға дейін мектептерге кестеге сәйкес оқулықтар беріледі.  Бұл ретте санитария нормалары қатаң сақталады.  Оқулық қазір мектептерге бөлініп жатыр. Оқу құралын уақтылы жеткізу – басты назарда болмақ.

 

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ
09:44, 23 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚОС ӨНЕРПАЗ ҚҰРМЕТТЕЛДІ
09:00, 22 қыркүйек 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚОС ӨНЕРПАЗ ҚҰРМЕТТЕЛДІ
Толығырақ...
КӘСІПТІК БІЛІМ: ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕКПІНДІ ҚАДАМ
08:49, 22 қыркүйек 2021
КӘСІПТІК БІЛІМ: ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕКПІНДІ ҚАДАМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...