ШҰҒЫЛ! "ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!" Толығырақ

МЕКТЕПТЕРДЕ ЖАҢА ПӘН ЕНГІЗІЛЕДІ

11:29, 13 қазан 2021

ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу маңызды. Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Мемлекет басшысы өз Жолдауында осындай тапсырма берді. Осы ретте, Қазақстанның барлық мектептерінде келер жылдан бастап «Цифрлық сауаттылық» атты жаңа пән енгізіледі. Жаңашылдықтар балалардың ақпараттық технологиялар саласында сапалы білім алуына бағытталған. Мектеп бағдарламасы шеңберінде ең танымал Python бағдарламалау тілі оқытылады. Сондай-ақ, 3D-модельдеу мен 3D-принтингке бойынша білім беру жоспарланып отыр. Қазіргі балалар алгоритм әліпбиі мен киберқауіпсіздік туралы ақпараттардан ерте бастан хабардар болуы тиіс. Информатика пәніне қызығушылық танытып жүрген оқушылар аз емес. Бұған дейін олар «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» пәнін 3-сыныптан бастап оқыған болатын. Бірінші сынып оқушылары « Цифрлық сауаттылық» пәнін ойын- тренингтар түрінде өтетін болады. Бағдарламада қауіпсіздік ережелері, point бағдарламаларын игеру секілді тақырыптар қамтылған. Бұл заман талабы. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін Халықаралық дейгейде әртүрлі бағыттарды, оның ішінде «жасанды интеллект» және «Big Data» салаларын дамыту керек. Ал жастарды бұған дайындауды мектептен бастаған жөн, дейді педагогтар. Сарапшылардың пайымынша, цифрлық сауаттылық бүгінде есеп пен жазу сынды негізгі дағдыға айналуы тиіс. Сондықтан да, 5-11 сыныптарға арналған «Информатика» пәндері бойынша оқу бағдарламалары қайта қаралды. Ол IT-саласының заманауи даму үрдістерін ескере отырып әзірленген.

Тақырып бойынша материалдар

БЕС ЖЫЛДА МУЗЫКА МЕКТЕБІ 921 ЛАУРЕАТ ДАЙЫНДАҒАН
09:23, 21 қазан 2021
БЕС ЖЫЛДА МУЗЫКА МЕКТЕБІ 921 ЛАУРЕАТ ДАЙЫНДАҒАН
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ
10:55, 19 қазан 2021
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ
Толығырақ...
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ
09:38, 15 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...