ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

МЕКТЕПТЕРДЕ 4-ШІ ТОҚСАН ДӘСТҮРЛІ ФОРМАТТА БАСТАЛДЫ

20:08, 5 сәуір 2021

Өткен жыл елімізге бұрын-соңды болмаған өзгерістерді енгізді. Пандемия білім саласын да айналып өтпеді. Миллиондаған оқушылар оқшауланып, онлайн оқу тәртібіне көшті. Енді, міне араға бір жыл салып, оқу жылының төртінші тоқсаны дәстүрлі және аралас форматтағы оқу тәртібіне оралды.

Оқу жылының соңғы тоқсаны. Бірақ білім алушылардың біраз бөлігі бүгін партаға алғаш отырды. Бір жылдай онлайн оқып, қашықтықтан қарым-қатынас жасасқан мұғалімдер мен оқушылардың қуанышы зор.

Онлайн оқу оңай көрінгенімен, ұстаздар қауымы біршама кедергілер туындағанын жасырмайды. Карантин, әсіресе, жоғары сынып оқушылары үшін қиын болған сыңайлы.

Санитарлық нормаларды сақтау үшін, оқушылардың сабақ кестесі, сабақ арасындағы үзілістер әр сынып үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылған. Кабинеттер арасында жүріп-тұру  шектелген, ал сынып ішінде бетпердесіз отыруға рұқсат берілген.

 

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...