ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ - ОЗЫҚ ОНДЫҚ ТІЗІМІНДЕ

10:17, 25 қараша 2021

А. Байтұрсынов университет жоғары білікті кадрларды оқыту бойынша елдегі көшбасшылардың бірі саналады. Ол 80 жылдан астам үш деңгейлі жүйе бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады. Қазіргі күні университетте 8000-ға жуық студент оқиды. Білім беру бағдарламалары белсенді түрде жаңартылуда, білім ордасы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен және компанияларымен меморандумдарға қол қойып, тығыз байланыс орнатып келеді. ЖОО - ның Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктері туралы толығырақ тілші репортажында.

Жергілікті ЖОО 167 түрлі білім беру бағдарламасы бойынша 8 мыңдай студентке ілім үйретеді. Университет үшін маңызды оқиға 2020-шы жылы тіркелді. Үкімет Қаулысы шеңберінде өңірдің ең ірі 2 ЖОО-ы: Қостанай педагогикалық және Қостанай мемлекеттік университеті біріктірілді. Осы сәттен бастап білім беру мекемесі түбегейлі оң өзгерістерді күтті.
Университет серіктестік байланыстарды кеңейту бойынша жұмыс жүргізуді елде ғана іске асырып жатқан жоқ. Бүгінгі таңда оқу ордасын жоғары білікті кадрлар даярлауға көмектесетін бірқатар ірі халықаралық компаниялармен байланыс орнатқан. Мысал үшін, машина жасау саласындағы мамандарды даярлау бағытындағы Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі КРУ-мен меморандумға қол қойды.

Мемлекеттік қолдау аясында ЖОО аумағында машина жасау және робототехника, ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету, электр энергетикасы сияқты бағыттар бойынша 4 зертхана құру жоспарлануда. Олардың базасында 15 түрлі білім беру бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда. «Атамекен» ҰКП-ның рейтингісінің қорытындысы бойынша Өңірлік университет оқыту әдістемесінің 70 проценті елдегі он озық бағдарлама қатарына кіреді.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 52 МЕКТЕП ОНЛАЙН ОҚЫТУҒА КӨШТІ
10:29, 18 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА 52 МЕКТЕП ОНЛАЙН ОҚЫТУҒА КӨШТІ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНДА АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕДІ
10:25, 12 қаңтар 2022
БІЛІМ САЛАСЫНДА АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
10:58, 19 қаңтар 2022
ЭПИДАХУАЛ НАШАРЛАДЫ. ОБЛЫСТА ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...