ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ

10:55, 19 қазан 2021

Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Президент өз Жолдауында осылай деді. Бұл ретте, Қостанай облысында қолға алынған жобалар оң нәтиже беруде. Барлық салада қолдану аясы кеңейіп келеді. Кәсіпкерлер де ден қоя бастады. Қысқа мерзімді курсқа жазылып, мемлекеттік тілді меңгеріп жатыр. Елена Клименко облыс орталығындағы ірі сауда орталығының сатушысы. Күн сайын ондаған адамға қызмет көрсетеді. Олардың арасында кейде тек қана қазақ тілінде сөйлейтіндер болады. Осындайда қойған сауалдарын түсінбей, жауап бере алмай қиналам, дейді. Сондықтан, жаңадан ашылған курсқа алғашқылардың бірі болып, қуана жазылыпты. Курс 3 айға жоспарланған. Қазіргі күнге дейін 40-қа жуық өтініш берушілер қазақ тілінен базалық білім алып жатыр. Олардың басым бөлігі ірі сауда орталықтарының қожайындары мен сатушылары. Аталмыш жоба Қостанай қаласында 2020 жылдан бастап қолға алынған. Алдағы уақытта қысқа мерзімді курсқа қаладағы ірі кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлерін де тарту жоспарланған. Олар бұл жерде мемлекеттік тілде құжаттарын рәсімдеуді үйренеді. Айта кету керек, қысқа мерзімдік курс қазақ тілін үйренем деушілерге тегін.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ - ОЗЫҚ ОНДЫҚ ТІЗІМІНДЕ
10:17, 25 қараша 2021
ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ - ОЗЫҚ ОНДЫҚ ТІЗІМІНДЕ
Толығырақ...
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНУДЕ
11:08, 18 қараша 2021
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...