ШҰҒЫЛ! ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІП, ӨТКІЗУ ҮШІН ЗАҢ ЖЕТІЛДІРІЛДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛУМЕТТІК САЛАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

10:22, 7 қазан 2021

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуына атсалысып жатқан тобылдықтар аз емес. Жақында Науырзым орта мектебінің оқушылары ерекше қуанышқа ие болды. Осы білім ошағының түлегі, кәсіпкер азамат өз қаражатына мектептің бір сыныбын толықтай жаңадан жабдықтап берді.Бауыржан Тұрмағамбетов «Туған жерге туыңды тік» деген халқымыздың атадан балаға мирас дәстүрін берік ұстанған жандардың бірі. Қазір Елордада жеке кәсібін ашқан ол өзін білім нәрімен сусындатқан Науырзым орта мектебіне үнемі демеушілік көмек көрсетіп тұрады.Іскер азамат жақында осы білім ошағының бастауыш сыныбын толықтай жаңадан жабдықтап берді.Шәкірттерге де түрлі сыйлықтар табыс етті. «Туған жеріне қолдан келген көмегін жасап,демеушілік көмек көрсету әрбір азаматтың қасиетті борышы. Алтын ұя-мектебіме алдағы уақытта да жәрдемдесіп тұрмақпын», дейді кәсіпкер. «Атамекенінің өркендеуіне үнемі ат салысып тұратын жерлес кәсіпкер Бауыржан Тұрмағамбетовтің бұл игі бастамасы өзгелерге де үлгі болатын іс.Осындай азаматтар көбірек болса, ауылдардағы әлеуметтік саланың біраз өзекті мәселелері өз шешімін табатын болады»,дейді аудан басшылары Іскер азаматтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі ескерусіз қалған жоқ.Ол Науырзым ауданы бойынша биылғы жылдың «Жомарт-Жүрек-Жыл Меценаты» атанып, аудан әкімдігінің құрмет грамотасына ие болды. Қабылахат Сейдахмет,Владислав Высоцкий, Қостанай телеарнасы

Тақырып бойынша материалдар

БЕС ЖЫЛДА МУЗЫКА МЕКТЕБІ 921 ЛАУРЕАТ ДАЙЫНДАҒАН
09:23, 21 қазан 2021
БЕС ЖЫЛДА МУЗЫКА МЕКТЕБІ 921 ЛАУРЕАТ ДАЙЫНДАҒАН
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ
10:55, 19 қазан 2021
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ
Толығырақ...
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ
09:38, 15 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...