
Ахмет Байтұрсынов атындағы өңірлік университеті облыстық білім басқармасымен бірлесіп, жаңа кешенді жобаны таныстырды. Мектеп оқушыларының үлгерімін жақсарту үшін педагогикалық бағытта білім алып жүрген студенттер олармен жеке - жеке жұмыс атқаратын болады. Бұл студенттер үшін де бұл кәсіби дайындық,-дейді мамандар.
Қазіргі уақытта өте өзекті мәселе ол мектептерге қолдау білдіру. Қашықтан білім алып жүрген мектеп оқуышыларына 435 студент көмек көрсететін болады. Олар педагогикалық бағытта білім алып жүрген 1,2,3 курс студенттері. Бүгінде жоғары курс студенттері 5А мектеп гимназиясының оқушыларын оқытуды бастап кеткен. Жыл бойына жалғасқан қашықтан оқыту процессі кезінде ата-аналарға да оңай соққан жоқ,- дейді мамандар.
Жаңа бағыттағы жұмыс университет қабырғасында педагогикалық бағытта білім алып жүрген студентер үшін кәсіби шыңдалуға таптырмас мүмкіндік. Мектеп оқушыларымен жеке жұмыс жүргізіп, білімін шыңдай түсері анық.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып білім саласының мамандары жаңа кешенді жобаны 5 бағытта іске асырмақшы. Атап айтар болсақ, онлайн консалтинг, волонтерлық сессиялар, қарқынды педагогикалық тәжірбие және қорытынды бақылауға дайындық. Сала мамандары бұл жүйелі жұмыс қашықтан білім беруді жеңілдетеді, деп есептейді.
Балауса Жақсыбай