ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

20:27, 17 ақпан 2021

Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында алты жүлде жеңіп алды. Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының мәліметі бойынша, байқаудың қорытынды кезеңінде 750 жас зерттеушілердің авторлығымен 576 ғылыми жоба ұсынылды.

I дәрежелі диплом және алтын медальдармен Арилана Нұғманова марапатталды. Ол «жай сандар түріндегі бөлшектерді жіктеу» тақырыбына зерттеу жасаған.  Ал, Әділ Зұлқарнаев және Дарина Тельгарина «Пайдаланылған сағыздан құрылыс сылақтарын жасау» тақырыбын таңдаған.  
II дәрежелі дипломмен және күміс медалімен Асқар Хайсин марапатталды. Оның зерттеу тақырыбы: «Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" және Чарльз Диккенстің "Дэвид Коперфилд"шығармаларындағы Филантропия».    
Ал, ІІ дәрежелі диплом мен қола медаль иегерлері - Илья Карплюк және Денис Сон. Олар «Көзі нашар көретін кісілерге арналған электронды кітаптарды оқуға арналған құрылғы» тақырыбын зерттеген. 

 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
20:11, 22 ақпан 2021
БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...