
Қазақстанның әр түкпірінен қатысқан оқушылар арасындағы республикалық ғылыми жобалар байқауы мәресіне жетті. Жүлделі орынға жерлестеріміздің 15 жобасы ие болды. Олардың үштен бірі - бірінші дәрежелі медальдар. Осылайша, облыстың үздік жас зерттеушілері жоба жетекшілерін жеткен жетістіктерімен қуантты. Конкурс қорытындысы туралы толығырақ тілші баяндайды.
Жыл сайын республикалық ғылыми жобалар конкурсы ел бойынша барлық үздік жас зерттеушілердің бабы мен бағын сынайды. Дәстүрге айналған байқауға биыл 750-ден астам шәкірт немесе 576 жоба қатысты. Оның ішінде 38 жобаны Қостанай облысынан 47 оқушы қорғады.
Байқаудың барлық кезеңінен соң екі күн ішінде қатысушылар жобаларын қазылар алқасына ұсынды. Осылайша, 300-ден астам оқушы марапатқа ие болды. Оның ішінде бес қостанайлық алтын медаль қанжығалады. Жеңімпаздар арасында жер және ғарыш туралы жасалған жобаның иесі, физика-математика лицейінің оқушысы Андрей Ястребов та бар.
Республикалық байқауда облыс оқушыларының 15 жобасы ерекше деп бағаланды. Сайыс қорытындысы бойынша 4 жоба күміс, 5 жоба алтын, 6 жоба қола медаль иеленді. Сондай-ақ 7 оқушы «Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының грамоталарымен марапатталды.