ШҰҒЫЛ! ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТИЕСІЛІ КӨТЕРМЕ АҚЫ КӨЛЕМІ АРТАДЫ Толығырақ

«ӘЛІППЕ» ҚАЙТА ОРАЛАДЫ

20:14, 16 тамыз 2021

Қостанайдағы мектептерде жаңа оқу жылына дайындық жалғасуда. Карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне байланысты мектеп оқушылары дәстүрлі оқу форматына қайта оралмақ. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектептерге жаңа оқулықтар таратылып жатыр. Жаңа оқу жылында білім беру бағдарламасына 1- сынып оқушыларына арналған «Әліппе», «Букварь» оқулықтары енгізілмек.

Қазіргі уақытта оқу орындары жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілуде. Бұл қоймада 1-11 сыныптарға арналған 4 баспаның оқулықтары бар. Олар осы жерден барлық мектептер кестеге сәйкес таратылады. Қала бойынша 36 білім ошағы бар.  Бүгінгі таңда алғашқы болып бірінші сынып оқушыларына оқулықтар жөнелтілуде.

Жаңа оқу жылында бар кітапқа бас болған «Әліппе» қайта оралмақ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында білім күнінде 1-сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталатынын мәлімдеді. Бұған дейін «Әліппе» оқулығының  бірнеше нұсқасы қарастырылған, алайда баспалардың «қисынсыз» нұсқаларынан соң А:Байтұрсыновтың әдістемесіне тоқталып, бұрынғы нұсқада қалдыруды жөн көрген.

Қазіргі таңда білім беру бөлімдері мен басқармалары әр мектептің оқулықпен қамтамасыз етілу мониторингін жүргізуде. Жалпы қалаға қазірдің өзінде 50 мыңнна астам оқулық жеткізілген. «Әліппе» мен «Букварь»-дан бөлек 3,7,8 сынып оқушылары үшін  Информатика  оқулығы жаңартылып жасалды.  Бұның барлығы сапалы білім беруді арттыру амалдары саналады.  

 

Балауса Жақсыбай

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ
09:44, 23 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚОС ӨНЕРПАЗ ҚҰРМЕТТЕЛДІ
09:00, 22 қыркүйек 2021
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚОС ӨНЕРПАЗ ҚҰРМЕТТЕЛДІ
Толығырақ...
КӘСІПТІК БІЛІМ: ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕКПІНДІ ҚАДАМ
08:49, 22 қыркүйек 2021
КӘСІПТІК БІЛІМ: ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕКПІНДІ ҚАДАМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
10:15, 18 қыркүйек 2021
ВАКЦИНА АЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...