ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

ӘЛ ФАРАБИ ӘЛЕМІ

20:39, 14 қаңтар 2021

Биыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1151 жылдығына орай облыста түрлі іс-шаралар өтеді. Орта ғасырлық көрнекті ойшыл өз шығармаларында адам баласының игілік¬ке, ізгілікке қалай қол жеткізе алатыны туралы көп ойланып, толғанған. Бұны өскелең ұрпаққа жеткізу маңызды. Тарихшылар осылай дейді.

Әбу Насыр әл-Фараби түркі ойшылдарының ең атақтысы, «Әлемнің 2-ші ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің гүлденген кезіне дәл келді. Әбу Насыр әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейген. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген.
 

Әбу Насыр әл Фараби адамды бақыт­қа не нәрсе жеткізеді деген сауалға жа­уап іздеген. Оның ойынша, адам ба­­ла­сы бақытқа жету үшін талпынатын мақсаттар көп. Әуелі ол білімді, со­нан соң қанағатшылық, ақыл-парасат, жақсы мінез-құлық секілді этика ғылымына қатысты жайттарды сөз еткен.
 

Айта кетейік, әл Фараби Аристотелдің «Жан» туралы еңбегін жүз рет, риторикасын 200 мәрте оқыған екен. Сондай ыждхаттылығының нәтижесінде адамзат баласына көптеген құпияның құлпын ашып берді. Ғалымдардың пайымдауынша ғұлама 200-ге жуық пәлсапалық және ғылыми трактат жазыпты. «Әл Фараби әлемі» жаңа заман ұрпағы сусындайтын әлем.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20:55, 1 наурыз 2021
ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:07, 26 ақпан 2021
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛА...
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҰСТАЗДАР ПІКІР БІЛДІРДІ
20:06, 26 ақпан 2021
БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҰСТАЗДАР ПІКІР БІ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
КІТАП КӨРМЕСІ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ АРНАЛАДЫ
20:14, 24 ақпан 2021
КІТАП КӨРМЕСІ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ АРНАЛАДЫ
Толығырақ...