ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ДЕПУТАТ ТЕСТ ТАПСЫРУДЫ ЖЕҢІЛДЕТУДІ ТАЛАП ЕТТІ

20:23, 28 сәуір 2021

«Шекара жабық жатқан пандемия кезінде тест тапсыру үшін Қазақстанға келу мүмкін емес». Білім және ғылым министрлігіне депутаттық сауал жолдаған депутат Қазбек Иса осылай деді. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ офлайн форматта өтеді деп шешті. Яғни, үміткер Қазақстанға келіп тапсыруі тиіс. Көп елдерде шекараның маусым айына дейін ашылмайтыны ескерген депутат, «біз атамекенде білім алам деген қандастарымызды оқуға қабылдай алмай қалуымыз мүмкін»,- деді. Былтыр мыңға жуық қандасымыз дайындық курстарында түсіп онлайн оқыды. Оқуға мемлекеттік қаржы бөлінді. Ал енді сол балалар ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орнына келіп түсу керек. Бірақ 90 пайызы Моңғолия, Өзбекістан, Қытай, Түркменістан секілді шет мемлекеттерде. Депутат ҰБТ тапсырудың басқа жолын табуды талап етті.

Тақырып бойынша материалдар

ОҚУШЫЛАР ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУДЕ
20:16, 11 мамыр 2021
ОҚУШЫЛАР ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...