ШҰҒЫЛ! ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІП, ӨТКІЗУ ҮШІН ЗАҢ ЖЕТІЛДІРІЛДІ Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК

10:52, 11 қазан 2021

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері енді бір жоғарғы оқу орнынан түлеп ұшып, екі диплом алып шығу мүмкіндігіне ие болып отыр. Оған жергілікті оқу ордасы мен Литва елінің «Vitautas Magnus» университетінің екі жақты әріптестік орнатып, академиялық бағытта бірқатар меморандуға қол қойысу рәсімі айқын дәлел. А. Байтұрсынов атындағы өңірлік университет халықаралық деңгейде білім беру мен тәжірибе алмасу мақсатында бірнеше мемлекет ЖОО-мен академиялық әріптестікке қол қойған. Бұл жолы Литва елінің оқу ордаларының бірімен меморандум жасасып отыр. Келісімде көрсетілгендей, енді қостанйлық жастар қарашаңырақты бітіріп, Қазақстандық және Литвалық қос бірдей бакалаврят дипломын алады. Ол үшін жастар өз университеттерінде оқи жүре, арнайы бекітілген семестраралық кезеңдерде шетелдік оқу ордасында білім алатын болады. Жалпы уақытын айтқанда, жыл көлемінде Литва елінің оқу бағдарламасымен оқиды. Осылайша, аз уақыт аралығында көп мүмкіндіктерге көз жеткізіп, екі елдің дипломын еңбек жолында өз игілігіне пайдаланады. Қысқасы, ҚӨУ- нің биология, бизнесті басқару, экология, есеп және аудит саласы бойынша білім алып жатқан студенттер енді еуропалық үлгідегі диплом ала алады. Құнды құжат қазіргі таңда әлемнің елу елінде мықты мамандардың куәлігі болып мойындалған. Мұндай үлкен мүмкіндік магистрлерлерге де ұсынылып отырғанын айта кетуіміз керек.

Тақырып бойынша материалдар

БЕС ЖЫЛДА МУЗЫКА МЕКТЕБІ 921 ЛАУРЕАТ ДАЙЫНДАҒАН
09:23, 21 қазан 2021
БЕС ЖЫЛДА МУЗЫКА МЕКТЕБІ 921 ЛАУРЕАТ ДАЙЫНДАҒАН
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ
10:55, 19 қазан 2021
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ
Толығырақ...
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ
09:38, 15 қазан 2021
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
09:09, 21 қазан 2021
ҰЗЫНКӨЛ-МЕҢДІҚАРА: «ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!»
Толығырақ...
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ
09:16, 21 қазан 2021
СЕНАТТА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ Қ...
Толығырақ...