ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

20:11, 22 ақпан 2021

Сақтықта қорлық жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы мектептерде өрт қауіпсіздігі ережелерінің қаншалықты сақталатындығын тексерді. Білім ошақтарында тиісті талаптар орындалған ба? Тілшіміздің репортажынан білейік.

Қостанайдағы  № 21 – ші орта мектеп. «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері мен  Төтенше жағдайлар Департаментінің   қызметкерлері  алдымен  осы білім беру мекемесін тексерді.  Басты мақсат-тәуекел деңгейі жоғары орындарда қауіпсіздікті күшейту.

Білім беру ғимаратында жылу қазандықтары және сыныптарға орнатылған өрт жағдайында дабыл беретін құрылғылар  сақадай сай. Қабырғаларға эвакуациялық кестелер орнатылған. Өрт сөндіру жүйелері   толықтай автоматтандырылған. Тоқ сымдары, өрт шыға қалған жағдайдағы қажетті заттар мен қосымша есіктер бәрі талапқа сай.

Былтыр облыста  бірнеше адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиғалар тіркелді. Олардың басым бөлігіне өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болған. Құтқарушылар жүргізген рейд барысында  өрт қауіпсіздігін сақтамаудың ондаған дерегі анықталды. Мамандар тексеріп шыққан  мына білім мекемесінде  соншалықты өрескел дерліктей кемшіліктер байқалған жоқ.. Ал, өрт ережесін бұзу фактілері анықталған жағдайда, жауапты қызметкерлер жазаға тартылады.

Тиісті талаптардың бұзылуы -  бұл бірінші кезекте  оқушылардың өмірі мен денсаулықтарына үлкен  қауіп төндіреді. Сондықтан мектептердегі  өрт қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған бақылау жұмыстары одан әрі жалғасады.   

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:47, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...