ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:07, 26 ақпан 2021

Жемқорлықпен күрес күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналды. Білім беру саласында коррупциялық қылмыстар азаймай отыр. Былтыр 65 мектепте бақылау жүргізіліп, оның тең жартысында құқықбұзушылық дерегі анықталған. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында профилактикалық шараларға баса мән беріу қажет деп есептейді мамандар. Облыстағы білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысқан онлайн-конференцияда осы мәселе талқыға түсті.

Адалдық, әділдік және парасаттылық. Мектеп қабырғасынан шәкірттердің  санасына осы ұғымдарды  сіңіру  керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденеитті қалыптастыру білім беру мекемелерінің маңызды құрамдас бөлігіне айналуы тиіс. Онлайн конференцияда ұстаздар мен оқушылар осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар мен негізгі мәселелерді талқылады.

Былтыр облыстың 65 білім беру ұйымдарында бақылау жүргізілді. Олардың жартысы  профилактикалық сипатта болды. Тексеру барысында 33  құқықбұзушылық  дерегі анықталды. Соның нәтижесінде 24 әкімшілік іс қозғалды.

Сондықтан білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға басымдық беріліп отыр. Ерікті мектеп клубтарын құрудың  маңыздылығы зор.  Ел тізгінін ұстайтын жастардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» ұйымдары ашылған. Ондағы оқушылар саны  алты мыңнан  асты. 

Ал жоғары оқу орындарында "Саналы ұрпақ"жобасы аясында кешенді жұмыстар  жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жүйелі құжаттар әзірленеді. Мұнда  әрбір қызметкер үшін міндетті мінез-құлық моделі белгіленген.  

Мұндай іс шаралар  өскелең ұрпақты әділдік пен адалдық рухында тәрбиелеуге жол ашады.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...