ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

БЕС ЖЫЛДА МУЗЫКА МЕКТЕБІ 921 ЛАУРЕАТ ДАЙЫНДАҒАН

09:23, 21 қазан 2021

Облыста өнерлі балалардың қабілеттерін шыңдап, шығармашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен бүгінгі күні өңірде 45 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Солардың бірі тарихы 1942-ші жылдан басталатын Қостанай қалалық №1 балалар музыкалық мектебінің 921 тәлімгері халықаралық байқаулардың лауреаты атанған. Бұл дыбысы жуан аспап - виолончель деп аталады. Дыбыстық мүмкіндігі 4 жарым октаваға дейін жетеді. Оны кәсіби түрде меңгеру үшін жылдап тер төгу керек. Зере Танкееваның осы аспапта ойнап жүргеніне 6 жылдан асқан. Жас композиторды көпшілік қауым «Қостанайлық Моцарт" деп атайды. Музыкалық мектептің табалдырығын алғаш аттағанда әріптерді де әлі білмеген жеткіншек бүгінде бастауыш сыныптарға арналған музыкалық кітаптардың авторы. Музыка мектебі 16 бағытта жұмыс істейді. Олардың арасында қазақ ұлттық аспаптары да бар. Ал Айым Молдағалиева қобыздың қыр-сырын меңгеруде. Музыкаға деген қызығушылық ата-анасынан дарығанын айтады жас өнерпаз. Қостанай қаласындағы бұл музыка мектебінің тәлімгерлері халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары атанды. 2016 жылдан бастап мектепте облыстық деңгейден бастап халықаралық деңгейге дейінгі 921 лауреат дайындалды. Бүгінде Қостанай облысының мәдениет саласы даму үстінде. Бұған дәлел, Тобыл өңірінен шыққан өнерпаздар ел көлемінде ғана емес, шет ел сахнасында жоғары дәрежеде өнер көрсетіп келеді. Ал осындай талант иелерін іріктеуде мектептердің үлесі қомақты.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ - ОЗЫҚ ОНДЫҚ ТІЗІМІНДЕ
10:17, 25 қараша 2021
ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ - ОЗЫҚ ОНДЫҚ ТІЗІМІНДЕ
Толығырақ...
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНУДЕ
11:08, 18 қараша 2021
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
10:07, 25 қараша 2021
ЦИФРЛЫҚ «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...