
Қостанай облысында 34 ауыл мектептерінде оқушы саны тиісті нормадан кем. Сондықтан оңтайландыруға ұшырауы мүмкін. Ал өңірдегі бес бастауыш мектеп биыл мүлдем жабылатын болды. Ауылдық білім ордаларын сақтап қалудың бір ғана амалы, бала санын толтыру. Сондықтан ол елді мекендерге қоныс аударуашыларға жергілікті билік барлық жағдайларын жасап беруге дайын. Тілші репортажы.
Бұл ауылда 60 шақты үй түтін түтетіп отыр. Соңғы бір-екі жылда оңтүстік облыстардан үш отбасы көшіп келген. Солардың бірі Жолановтар отбасы.
Нормативтік талапқа сәйкес, 9 жылдық мектепті сақтап қалу үшін бала саны 41-ден кем болмау керек. Қазір ауыл әкімінің бас қатырып жүрген мәселесі осы. Көшіп келіп, тұрақтап қалам деушілерге баспанасын, малын, жем-шөбін тегін беруге әзір.
Облыста жыл сайын мектеп саны қысқарып жатыр. Былтыр 10 білім ордасы жабылған болатын. Биыл бесеу. Өткен жылы 19 мектеп ортадан, негізігіге.негізігеден бастауышқа шағындатылса, биыл 34 мектеп солай оңтайландырудың кебін киюі мүмкін.
Қазір бұл ауылдар оңтүстіктен келер көшке үміт артып отыр. Айта кетелік,»Еңбек» бағдарламасы бойынша Қостанай облысына оңтүстіктен 700 отбасы қоныс аударған. Оларда тек қана мектепке дейінгі 187 бала бар екен. Бұл да бір көңілге медет.