ШҰҒЫЛ! 30 АДАМДЫ КЕНЕ ШАҚҚАН Толығырақ

ЖҰМЫССЫЗДАР ҚАТАРЫ СИРЕП БАРАДЫ

20:18, 14 сәуір 2021

Меңдіқара ауданында жұмыссыздық деңгейі төмендеп, еңбекпен қамтылған азаматтар саны артып келеді. Мемлекеттік бағдарламаның шарапатымен екі қолға бір күрек тапқан аудан тұрғындары үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға дән риза. Өйткені, соның арқасында тұрмыстарын түзеп, тұрақты түрде табыс тауып жүр. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Зүлфия Ғаппасова, жастайынан тігінші болуды армандаған. Өсе келе, үлкен әжесінің көмегімен кішігірім көрпе-жастықтарды тігуді үйренді. Отбасы құрып, жеке шыққан соң, бала тәрбиесінде қол қусырып үйде отырмау үшін, өз кәсібін ашу туралы шешімге келеді. Осы арман жетегінде аудандық Жұмыспен қамту орталығына жүгініп, таңдаған мамандығы бойынша «Бастау бизнес» курстарын оқып шығып, өзінің бизнес жоспарын қорғап шықты. Енді міне жеке кәсібін ашып, еңбек етуде. Халық сұранысын қанағаттандырған жеке кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаға дән риза.

Зүлфияның қолынан шыққан бұйымдар өзінің ұлттық нақышымен аудан тұрғындары ғана емес, өзге де шалғай аудандардың да тұрғындарының да көңілінен шығуда. Нәтижесінде, тапсырыс берушілер саны артқан. Осындай жетістікке жетуіміз Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың арқасы дейді жас кәсіпкердің жақындары.

Жалпы жыл басынан бері аудандық Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздықтың алдын алу бағытында бірқатар шараларды атқарды. Жеке кәсібін ашам дейтін кез-келген азаматқа қол ұшын беруге әзір. Нәтиже де жаман емес. 

Бағдарламаның екінші бағыты аясында жаңа кәсіпкерлік идеяларды іске асыруға биылғы жылы 70 млн теңгеге 19 шағын несие мен 15 млн. теңге сомасына 25 грант беру жоспарланып отыр. Кәсіпкерлік негіздерін үйренем деушілерге арналған "Бастау Бизнес" курстары биылғы 26 сәуірде бастау алмақ. Осы атқарылған шаралар нәтижесінде жыл соңына дейін еңбекпен қамтылғандар тізімі ұлғая түспек.

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...
БИЫЛ 4,8  МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ
20:09, 11 мамыр 2021
БИЫЛ 4,8 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ
Толығырақ...
«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ» – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
20:43, 5 мамыр 2021
«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ» – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ 10 ЖЫЛҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
20:10, 11 мамыр 2021
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: НЕСИЕНІ СУБСИДИЯЛАУ МЕРЗІМІ...
Толығырақ...