ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР

20:38, 7 маусым 2021

Өңірімізде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар оң нәтижесін беруде. Аталған бастамалардың басты мақсаты - халықты жұмыспен қамтып, табысын молайтуға оңтайлы жағдай жасау. Шарапатты шараның, кәсіп ашуға ниетті адамдар үшін ұтымды тұстары көп. Кешендік жоспарға сәйкес, Денисов ауданында соңғы үш жылда 407 тұрақты азамат жұмыспен қамтылып, 58 кәсіпкер 185 млн теңге көлемінде төмен пайыздық несие алған.

Денисов  ауданында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуғы бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлікпен айналысуды жөн деп білгендер баршылық. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне көз жеткізгендердің бірі – Понара Мурадуллаева. Ол шағын бизнеске жаңадан келген адам емес. 1998 жылдан бері  кәсіпкерлікпен айналысады. Балаларға арналған киім дүкенінің қожайыны атанған ол күніне ауылдардан 15-20 адамға дейін келетінін айтады. «Бизнестің жол картасы 2020- 2025» бағдарламасы бойынша мемлекеттен 6 пайыздық 3 млн теңге көлемінде несие алып, балалар дүкенін ашқан.

Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша техникалық және кәсіби мамандықтарға жоспар бойынша 25 адам оқыту курстарынан өткен. Екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» оқыту курстары нәтижесінде 35 адам қайтарымсыз несиеге өтініш беріп, 24 жоба мақұлданған. Сондай-ақ, бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 350 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.

Әлеуметтік жұмыс орындарында және «Жастар практикасы» арқылы бүгінде 210 азамат еңбек етуде. Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысынан 4 отбасы көшіп келген. Оларды да еңбекпен қамту тұрғысындағы  тиісті жағдайлар жасалып жатыр. Қоныс аудару жобасы қазірдің өзінде-ақ көлемді көрсеткішке ие. Оған облыста орындалып жатқан оң істер мен жұмыс тапқан елді мекен азаматтары дәлел. Денисов ауданының тұрғындары да тәп-тәуір тұрмыс кешудің жолын тап осы мемлекеттік бағдарламамен тығыз байланыстырады.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
20:12, 18 маусым 2021
ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
20:50, 17 маусым 2021
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...