ШҰҒЫЛ! 5-ШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ҚАУЛЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ Толығырақ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

20:49, 7 шілде 2021

Биыл аймақтағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында және елді мекендердің көшелеріндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін, қомақты қаржы бөлінді. Жалпы 200-ден артық шақырым автожолдар мен көшелер ретке келтірілмек. Осы салада орындалған және жоспардағы жұмыстар жайында облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында айтылды.

Автожол саласына арналған бюджет биыл 19,2 млрд теңге. Бүгінде "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы 17 жобаның 15 нысанының мердігері анықталған. 2 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Оның бірі облыстық маңызы бар  Әйет-Варваринское автожолын жаңғырту және Арқалық қаласының солтүстік айналма жолының орташа жөндеуі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын нысандар бойынша игеру 1 шілдеге 3,5 млрд.теңгені немесе жылдық жоспардың 30% –ын, ал «Ауыл – ел бесігі» аясында бұл көрсеткіш 45,7 млн теңгені немесе жылдық жоспардың 4% - ын құрайды.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78% - ды құрап отыр, бұл 2020 жылдың үлесінен 3% - ға артық. Жоспар бойынша биыл ұзындығы  227 шақырым автожол мен 264 шақырым елді-мекендердің көшелері жаңа кейіпке енетін болады.

 

Назгүл Шабдарова

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНИСОВ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
20:30, 29 шілде 2021
ДЕНИСОВ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДЫ АЖАРЛАНДЫРУДА
20:31, 13 шілде 2021
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДЫ АЖАРЛАНДЫРУДА
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛЬБЕРТ РАУДЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
20:11, 13 шілде 2021
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛЬБЕРТ РАУДЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
18:10, 25 шілде 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
Толығырақ...
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
14:10, 25 шілде 2021
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
Толығырақ...