ШҰҒЫЛ! «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЖІТІҚАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

10:10, 25 қараша 2021

Биылғы жылдың қаңтар – қазан айларында Жітіқарада ішкі өнім айтарлықтай өскен. Оң тенденцияға бірқатар жобалардың серпінді іске асуы ықпал етіп отыр. Бұл туралы өңірлік баспасөз клубында өткен брифингте аудан әкімі Нұржан Өтегенов айтты. Бұнда экономикаға тірек болар - индустриалды сектор бойынша да мәліметтер мақтанарлық. Үстіміздегі жылдың 10 айында ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындары жалпы сомасы 73 млрд. 900 млн теңгенің өнімін өндірілді. Бұл 2020 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 12 пайызға жоғары.

Минералды-шикізат әлеуетін арттыру ел Президенті қойған нақтым басым бағыттарының бірі. Тау-кен саласының көкжиегін кеңейтуде Жітіқарада биыл ауқымды жұмыстар атқарылған. Инвестициялық климат жақсартылды. Жүктелген міндеттер орындалды. Қаржы құюға ниет білдірген инвесторлар саны артты. Жалпы, аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 11 млрд 467 млн теңгені құраған.Өсім, ауыл шаруашылығы саласында да бар. Мемлекет жасап отырған мүмкіндікті шаруалар тиімді пайдалануда. Мәселен, "Сыбаға" бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша фермерлік шаруашылықтар 470 бас ұсақ мал сатып алды. Дегенмен, биыл орын алған құрғашылықтын салдарынан ауданның дәнді дақылдар егістіктерінің басым бөлігінде түсім көлемі өткен жылмен салыстырғанда төмендеген.Мемлекет басшысы өз жолдауында инвестициялық және салықтық базаны ұлғайтуға ықпал ететін жергілікті бизнесті дамытудын рөлі жоғары екенін атап өтті. Осыны ескере отырып, Жітіқара ауданы кәсіпкерліктің дамуына ерекше көңіл бөлуде. Бүгінде мұнда шағын және орта бизнес саласында 1 мың 750 нысан бар. Нәтижесінде 6 мың 302 адам жұмыс тұрақты жұмыспен қамтылып, 12 млрд 900 млн. теңгенің өнімі өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10% - ға артық.Биыл аудан тұрғындары сауда және қызмет көрсету саласында кәсіп ашқан. Мәселен, 2021-ші жылдың 10 айында осы бағытта 8 нысан жұмысын бастады.  Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБА БЕКІДІ
10:23, 18 қаңтар 2022
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБА...
Толығырақ...
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА»  ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ АНЫҚТАЛДЫ
10:50, 17 қаңтар 2022
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ АНЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
11:02, 19 қаңтар 2022
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ ОРТАҚ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҚ БОЛАДЫ
Толығырақ...
 ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
11:03, 19 қаңтар 2022
ҰҚШҰ ӘСКЕРІ ҚАЗАҚСТАННАН ТОЛЫҒЫМЕН КЕТТІ
Толығырақ...
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
11:01, 19 қаңтар 2022
ДЕПУТАТ: ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ...
Толығырақ...