ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ ИГІЛІГІ

20:10, 16 қыркүйек 2020

«Дипломмен ауылға» баратын жастар қатары биыл артқан. Бір ғана Федоров ауданында бүгінде оқу бітірген 30-ға жуық түлек еңбек етіп жүр. Олар «Жастар практикасы» жобасының тиімді екенін айтады. Жалақысы да жақсы, әрі тәжірибе жинайды. «Еңбек» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы келесі бейнематериалда.

Гүлмира Таткенова - «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының игілігін көрген жастардың бірі. Ол Түркістан облысының тумасы. «Серпін» бағдарламасымен аймаққа білім қуып келіп, биыл Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетін аяқтады. Жергілікті жұмыспен қамту орталығы мамандарының жөн сілтеуі бойынша жұмыс тапты. Жарты жылға жоспарланған «Жастар практикасы» жобасының арқасында кешегі студент бүгін ел қатарлы еңбек етіп жүр.

Ал Арайлым Нүркеева Көкшетау қаласынан отбасы жағдайымен Федоров ауданына қоныс аударған. Ол «Еңбек» бағдарламасының шарапатын көргенін айтады. Жоба аясында тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ауданда биыл «Жастар практикасы» бойынша жоғарғы оқу орындарының 13 түлегі  жұмысқа орналастырылды. Бөлінген 3 млн-ға жуық қаражатқа барлық жағдай жасалды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы халықтың тұрмысын жақсартуға қолайлы жоба. Бұған өткен жылдары осы салада қол жеткен жетістіктер айқын дәлел. Ендігі мақсат - мемлекеттің қолдауын халықтың  әлеуметтік жағдайын  жақсартуға ұтымды қолдана білу.

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
20:29, 28 қазан 2020
«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
20:25, 28 қазан 2020
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
Толығырақ...
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:24, 28 қазан 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...