ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ЖАРТЫ ЖЫЛДА 2800 ГЕКТАР ЖЕР ТИІМСІЗ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН

20:36, 10 маусым 2021

Қостанай облысында ауыл шаруашылығына арналған 2800 гектар жер тиімсіз пайдаланылған. Тізімде егін егеміз, мал бағамыз деп алған алқаптарды дұрыс игере алмаған диқандар мен шаруалар да бар. Бұл олқылықтар ғарыштық бақылау арқылы анықталды. Ал азаматтарға жер кезегіне тіркелу, құжаттарын заңдастыруды ұйымдастыратын және құқықтық кеңес беру үшін облыс орталығында «Жер – адалдық алаңы» деп аталатын жаңа фронт-кеңсе ашылды.

Жердің игерілуі ғарыштан бақыланып,ақпарат жинақталады. Әр жер телімі бойынша жеке сараптама жасалады. Бұл пилоттық жоба Қостанай облысында сәтті іске асырылуда. Мәселен,  2021-ші жылдың алты айында 2800 гектар алқапта мемлекеттің меншігіндегі жерді өз бетінше иеленіп алу, сондай-ақ ол учаскелерді пайдаланбау сияқты заң бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде жалпы сомасы 4 млн теңгеге 17 айыппұл салынды.

Соңғы жылдары жердің шетел азаматтарына сатылуы немесе жалға берілуі ел  ішінде қызу талқыланды. Бұл мәселенің нүктесін жақында мемлекет басшысы қойды. Президент шетелдіктерге бір телім жер берілмейтінін айтып саяси шешім қабылдап, оны заңмен бекітуді тапсырған. Ал қандастар келе сала тек бау-бақша, саяжайға ғана кішігірім жер алуға құқылы. Ал жер үлесін иемденуге тек азаматтық алған соң ғана рұқсат.
 

Айта кетейік,жер қатынастары саласына байланысты мәселелер бойынша өңір тұрғындарына қолдау көрсетуді көздейтін «Жер – адалдық алаңы» деп аталатын жаңа фронт-кеңсе ашылды.Тың жоба облыстық жер пайдалануды және қорғауды бақылау басқармасы мен «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен қолға алынып отыр. Жоба жетекшілерінің айтуынша, фронт-кеңсе мамандары өздеріне жүгінген кез келген азаматтың жер кезегіне тіркелуін, жер құжаттарын заңдастыруды ұйымдастырады және құқықтық тұрғыдан ақыл-кеңес береді. 
Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
20:12, 18 маусым 2021
ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
20:50, 17 маусым 2021
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...