ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТӘРТІБІ КҮШЕЙТІЛЕДІ

20:40, 7 маусым 2021

Сауда сөрелеріндегі өнімдердің барлығы дерлік техникалық талаптарға жауап бермейді. Көрші мемлекеттерден елімізге тасымалданып жатқан тауарлар көп жағдайда тиісті құжаттарсыз саудалануда. Өңірде былтыр осындай 8 жағдай тіркелген. Әкімшілік айыппұл соммасы 600 мыңнан асып жығылады. Шет елден ағылып жатқан тауарлардың техникалық талаптарының бұзылуы отандық кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіруде.

Өңірде өнім сапасын зерттейтін арнайы орталықтар ашылып, метрологиялық қадағалауға терең мән берілуде. Бұл бірінші кезекте, біздің елде шығарылатын тауардың халықаралық стандартқа сәйкес келуіне, нарықта нақты нәтижеге қол жеткізуіне негізделген. Ол үшін арнайы бағдарлама да әзірленген. Отандық өнімнің озық сапаға сай болуы сарапшыларды толғандыратын түйткіл. Себебі, бұл үш ел арасында орнаған экономикалық одақта үлкен рөл атқаруда дейді олар.

Өңіріміздегі  стандарттау саласындағы жұмыстардың ағымдағы жай-күйі көңіл көншітпейді. Өткен жылдың өзінде 14 нысанға тексеріс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 8 заңбұзушылық анықталған. Салынған әкімшілік айыппұл соммасы 600 мың теңгден асып жығылады. Сапасыз өнімдер сауда сөрелеріне жол тартпасы үшін жауапты мекемелер жұмыла жұмыс істеуі міндет. Бизнес өкілдері де өз өнімін алдыңғы орынға шығаруға талпынса, экономикамыз да серпін ала түсері  анық. Қазақстан техникалық реттеудің еуропалық тәжірибесін үлгі етеді. Шетел тәжірибесінде бұл әдіс ұтымдылығымен танылып отыр.

Ішкі нарықты мейілінше отандық азық - түлікпен қамтамасыз ету. Бұл ел алдында тұрған басты тапсырмалардың бірі. Бүгінде сауда сөрелеріндегі Қазақстандық өнімнің үлесі қомақты  емес. Оның әрине, әр түрлі себептері бар. Соның бастысы – елімізде шығарылған тауарлардың арзан бағамен Ресейден ағылып келіп жатқан тауарларға төтеп бере алмауы. Тығырықтан шығудың басты жолы – бәсекеге қабілеттілікті  арттыру дейді сала мамандары.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
20:12, 18 маусым 2021
ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
20:50, 17 маусым 2021
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...