
Көтерме немесе бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер енді QR-код арқылы тіркеледі. Мемлекеттік бақылаудың тың тәсілі көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға бағытталған. Егер саудагер тауар үшін төлемді банк картасымен қабылдаудан бас тартса немесе фискалды чек берілмесе тұтынушылар ұялы телефон көмегімен саудагер туралы ақпаратты пайдаланып, Кірістер органдарына шағым жібере алады.
Көлеңкелі экономикаға қарсы күресте Мемлекеттік кірістер комитеті бірқатар пилоттық жобаны жүзеге асыруда. Соның бірі – "Шолып тексеру" деп аталады. Бұл бастама 2022 жылға дейін қарастырылған. Көтерме немесе бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер енді QR-код арқылы тіркеледі. Жабық базарларда, сауда үйлерінде, дүкендерде сауда жасайтын кәсіпкерлер арнайы штрих-кодты алуға тиіс.
Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары бейне тіркеу және фотофиксация құралдарын қолдана отырып жіберілген шағымдар бойынша ғана тексеру жүргізеді.
Мысал үшін, егер саудагер тауар үшін төлемді банк картасымен қабылдаудан бас тартса, фискалды чек берілмесе, алкоголь өніміне лицензия болмаған жағдайда ұялы телефон көмегімен саудагер туралы ақпаратты пайдаланып, Кірістер органдарына шағым жібере алады. Мамандардың мәліметінше облыс бойынша әзірге мұндай шағымдар түскен жоқ.
Инара Барсақбаева