
Жерді шетелдіктерге сатуға біржола тыйым салынды. Жалға да берілмейді. Бүгін мәжілісте жер қатынастары бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Ал, қазір 93 мың гектар шамасында алқап өзгелердің иелігінде. Оны қайтару мүмкін бе? Нысаналы Ығыл тарқатады.
Заң жобасы жерді көрінгенге беруді емес, тек өз халқымыздың игеруін көздейді. Ал, бұрын берілген алқаптар көп ұзамай қайтарылады. Бүгінде 74,4 мың гектар 7 біріккен кәсіпорынға тиесілі. Одан өзге 18,5 мың гектар жерді екі шетелдік заңды тұлға жалға алған.
АГРО ӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КӨЗІН ІЗДЕУ КЕРЕК
Ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, шетелдік үлесі бар кез-келген компанияға және халықаралық ғылыми орталықтарға беруге тыйым салынды. Ал, қандастарға ел азаматтығын алғаннан соң ғана рұқсат. Осы ретте депутаттар салаға инвестиция тарту жайын сұрады.
Талдауға сәйкес шет ел инвестициясы көбіне өңдеуші кәсіпорын ашуға құйылады. Бірақ, енді агро саланы қаржыландырудың өзге де тетігін іздестіру керек. Ал, қаржы институттарына иек артқаннан аса пайда жоқ. Сондықтан жер реформасы комиссиясына банк өкілдерін де тарту керек.
Парламенттегі саяси париялар да жер қатынастарына қатысты заң жобасының мақұлдануын қоғам үшін қажет әрі маңызды,-деген пікірлерін айтты.