ШҰҒЫЛ! 5-ШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ҚАУЛЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ Толығырақ

САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРУДА

20:13, 18 маусым 2021

Автокөлік салығын төлеуге салғырт қарайтындардың саны азаймай келеді әлі күнге. Шетел маркаларын алмастырып мінсе де, қарызды өтеу міндетін бірнеше жыл бойы орындамаған азаматтар жетіп-артылады бір ғана Меңдіқара ауданының өзінде. Соған сәйкес, арнайы рейд ұйымдастырылды. Бұл міндет мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері мен сот орындаушылардың және де жол полициясы өкілдерінің мойнына жүктелген.

Салық төлемеген азаматтарды анықтаудың 3 түрлі жолы бар. Біріншісі - құжаттар бойынша болса, екіншісі - жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бірақ, тиісті мөлшерде қарызын өтемеген жағдайда белгілі болады. Үшіншісі - арнайы рейд жүргізу арқылы анықталады.  Салықты соңғы тәсіл бойынша төлетуді тиімді санаған Кірістер департаментінің қызметкерлері жол полициясы өкілдерімен бірігіп, тиісті борышын өтемеген көлік иелерін көшеде тоқтату арқылы анықтауда.
 

Жолда жүйткіген көлік арасынан полицейлер, әсіресе, шетелдік темір тұлпарларды көптеп тоқтатуда. Себебі, қымбат көліктердің жылдық салығы қомақты болғаны былай тұрсын, олардың қожайындары тиісті қарызын төлеу міндетіне тіптен салғырт қарайтын көрінеді. Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталғандығына қарамастан, кейбір жүргізушілер заңмен бекітілген бұл ережені сақтауға құлықты емес. Ал заң - азаматтардың бәріне ортақ

2020 жылғы автотранспорт салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталған еді. Биыл 1 қаңтар мен 1 сәуір аралығында мемлекеттік бюджетке 19,7 млрд теңге түсім түскен. Оның 13 млрды көлік иелеріне хабарлама жіберілген соң аударылған. Егер салық төлемі кешіктірілсе, көлік иелеріне үстемеақы салынады. Ал есептелген айыппұл мөлшері 1 АЕК-тен асып кетсе немесе қарыз туралы хабарлағаннан кейін 30 күн өтсе, мемлекеттік кірістер комитеті сот орындаушысы сотқа жолдайды.
Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНИСОВ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
20:30, 29 шілде 2021
ДЕНИСОВ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДЫ АЖАРЛАНДЫРУДА
20:31, 13 шілде 2021
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДЫ АЖАРЛАНДЫРУДА
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛЬБЕРТ РАУДЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
20:11, 13 шілде 2021
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛЬБЕРТ РАУДЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
18:10, 25 шілде 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
Толығырақ...
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
14:10, 25 шілде 2021
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
Толығырақ...