ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

ОТАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН САТЫП АЛУҒА СУБСИДИЯ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ

20:28, 9 маусым 2021

Елімізде бірқатар тауар өндірушілер үшін субсидия көлемі ұлғайтылды. Әңгіме, Қазақстанда шығарылатын ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға берілетін қолдау жайлы. Субсидиялар 30% - ға дейін көбейтілді. Ал аграршылар үшін бөлінетін импорттық техникаға арналған субсидия мөлшері 25% деңгейінде қалды. Толығырақ.

Ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға берілетін субсидиялар көлемі 25 пайыздан 30 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл өзгерістер фермерлерді ғана емес, машина жасаушыларды да қолдауға бағытталған.  Айта кетейік, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялауға 38 млрд теңге бөлу жоспарланған.  Ал жалпы инвестициялық субсидиялауға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінбек.

Алайда, өңірдегі аграрлық сала мамандары ауылшаруашылығы техникасын жаңарту жұмысы мардымсыз екенін айтады. Қазір аймақтағы трактор, комбайндардың 70 проценті ескі. Ал мемлекеттің жаңа техника  алғандарға беретін  30 процент субсидиясымен бұл мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес. Субсидия ұлғайтылғанмен, жаңа  техниканың бағасы да шарықтап келеді. Дегенмен, сбсидияның ұлғаюуы мемлекет тарапынан жасалып жатқан үлкен қолдау, дейді аграрийлер.

Айта кетейік, сала өкілдері ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған шығыстарды ішінара өтеуді көздейтін субсидияларға үміткер бола алады. Инвестициялық субсидияларды алуға өтінімдерді Qoldau.kz.порталындағы субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
20:12, 18 маусым 2021
ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
20:50, 17 маусым 2021
ӨҢІРДЕ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 14 СҮТ-ТАУАР ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...