ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

ОМАРТАШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫНА МҰҚТАЖ

20:35, 6 сәуір 2021

Бал арасына бап қажет. Облыс омарташылары осылай деп дабыл қағады. Олардың айтуынша, ара шаруашылығы құрдымға кетуі мүмкін. Өйткені, денсаулыққа пайдалы, сапасы жоғары бұл өнімді сауда орындарында сатуда бірқатар қиындықтар бар екен. Мысалы, супермаркеттерде сатуға заң жүзінде тыйым салынған. Омарташылар осы ретте мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсетілгенін қалайды.

Омарташылық – әуестік емес. Ал, ара балы- адам ағасына пайдалы. Емге дәру – бал өндіру мәселесіне мемлекет тарапынан қолдау аз.  Кәсібіне адалдық танытқан омартшылар осылай деп отыр.  Айтуларынша, аралар нәр жинайтын бос жерлердің көбі егістікке берілген. Оларға азық табу жыл сайын  қиындап барады. 

Бал арасын баптау оңай шаруа емес. Мұның үстіне,  өнімді сатудың өзі бір әурешілік екенін айтады омарташылар. Қазір супермаркеттерде  сапасы нашар сырттан әкелінген балдар  толып тұр.   Жергілікті жерде өндірілген азықты қоюға дүкен иесінің заң жүзінеде қақы жоқ.  Олар тек заңды тұлғалардың тауарын ғана сатуға құқылы. Мысалы , шетелдік сауда орындарында арнайы фермерлік бұрыштар орнатылған. Ал, өңірдегі    омарташылар өндірген  бал тек базарларда ғана сатылады. Сондықтан,  мұны мемлекет деңгейінде шешкен жөн дейді олар.

Бал арасын баптаған  жандарға бұл өте қажет құжат. Себебі омарташылар мен үйінде бірді-екілі мал ұстайтын жандар жеке кәсіпкерлік аша алмайды. Өйткені, олардың кәсібі маусымдық саналып, тұрақты табысы жоқ. Өніміне сапа сертификатын алуға да осы заңды тұлға ретінде тіркелмегені қол байлау. Әрі оған көп қаржы қажет. Егер өзін-өзі еңбекпен қамтығандарға заңды тұлға ретінде жаңа мәртебе ойлап табылса, біраз тұрғынның жергілікті сауда орындарында емін-еркін тауарын қоюға мүмкіндік туар еді. Сондай-ақ, бұл ұсақ кәсіпкерлік үшін арзан бағамен тауар сертификатын беретін ұйым да керек. Мәслихат депутаттары осы мәселені жоғарыға жеткіземіз деп отыр.

  
Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 160 МЛН ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
20:36, 15 сәуір 2021
АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 160 МЛН ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Толығырақ...
ДИҚАНДАР КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫН
20:17, 14 сәуір 2021
ДИҚАНДАР КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...