ШҰҒЫЛ! 5-ШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЖАҢА ҚАУЛЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛЬБЕРТ РАУДЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

20:11, 13 шілде 2021

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау Бейімбет Майлин ауданының тұрғындарымен кездесті. Өндірістік нысандарды аралап, мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Өндірісті дамытумен қатар, әлеуметтік салаға да басымдық беру қажеттігін атап өтті. Және халықты вакцинациялаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Мәжіліс депутатына ең алдымен, ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қолға алынған көліктік-инфрақұрылым жұмыстарының барысы баяндалды. Жыл өткен сайын­ мұнда халықтың әл-ауқаты жақ­сарып, түйткілді мәсе­ле­лер шешімін табуда. Со­ның ішінде, жол мәселесі де тұ­­­рақты назарда болып, әр жылы елді мекендерде кө­шелерге асфальт төселіп жа­­­­­­­­тыр. Жүйелі жұмыстар нәтижесінде биыл да Набережная, Совхозная, Омарова көшелері жаңа келбетке енген.

Кездесу барысында Альберт Рау медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ауданның денсаулық сақтау мекемелерінің қызмет көрсету деңгейі жоғары. Бүгінде барлық емдеу мекемелерінің материалдық - техникалық базасы мықты. Компьютермен 100 пайыз жабдықталды деуге болады. Ғаламторға қосылған медициналық мекемелердің үлесі – 76,1%. Бүгінде короновирустық індеттен сақтану баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан, халықты сапалы ем - доммен қамту мақсатында кешенді жұмыс жасау керек деді ол.

Ауыл-аймақтағы әлеуметтің әлеуетін арттыру биліктің назарында. Мемлекет басшысы бекіткен жұмыс алгоритміне сай әрбір елді мекенде билік өкілдері зерделу жұмыстарын жүргізіп, әр азаматтың хал-ахуалына, даму мүмкіндігіне сараптама жасалу қажет деді Альберт Рау. Іссапар соңында, мәжілісмен аудан жұртшылығымен кездесіп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНИСОВ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
20:30, 29 шілде 2021
ДЕНИСОВ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДЫ АЖАРЛАНДЫРУДА
20:31, 13 шілде 2021
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДЫ АЖАРЛАНДЫРУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
18:10, 25 шілде 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ТІКЕЛЕЙ САЙЛАУ - ХАЛЫҚ ДАУЫСЫ
Толығырақ...
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
14:10, 25 шілде 2021
Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаларға жаңа серпін
Толығырақ...