ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ОРАЗА Толығырақ

МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫ ӨСІРУШІЛЕР ЖАҢА СУБСИДИЯ АЛАДЫ

20:09, 24 ақпан 2021

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымы мен сапасын арттыруды субсидиялау ережесіне» өзгерістер енгізіп жатыр. Өзгерістер майлы дақылдарға субсидия төлеуді қарастырады. Осы мақсатқа 2021 жылы республикалық бюджеттен 250 млн теңге сомасында қаражат бөлу жоспарланған.

Егіншілікті әртараптандырумен  айналысқан  шаруа қожалықтарына мемлекет үлкен көмек қолдау көрсетпек. Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл майлы дақылдарды өңдеуге өткізуде қаржыландыру тетіктерін  бекітті. Жаңа ережеге сәйкес, субсидиялар  кәсіпорындарға  қайта өңдеудегі майлы дақылдардың 1 тоннасына 100% мөлшерде қарастырылған.    

Осы мақсатқа 2021 жылы республикалық бюджеттен 250 млн теңге сомасында қаражат бөлу жоспарланған. Бұл біріншіден май өңдеу зауыттарының қайта өңдеу қуаттылығын қамтамасыз етіп, майлы дақылдар өндірісін қолға алған  аграрийлерді ынталандырмақ.  Жалпы , егіс алқаптарын әртараптандыруда жергілікті шаруалардың жоғары белсенділігі байқалады.  Оған дәлел-  майлы дақылдар егістігінің  көлемі жыл сайын ұлғайып келеді.   Былтыр 640 мың гектарға жерге  зығыр, күнбағыс, рапс егілді.

Осы бағдарлама аясында несие «Тобыл» ӘКК кепілдігімен жылдық 1% -бен беріледі.   Облыс бойынша шаруаларға биыл   республикалық және жергілікті бюджет есебінен 31 млрд теңге бөлінді.

Тиісті қаржылай көмек алғыыс келгендерге өтініштертер қабылдау  ақпан айында басталды. Бүгінде фермерлерге  мал шаруашылығын субсидялау бойынша 350 млн теңге төленді.   Тұқымдар бойынша оның көлемі  100 млн теңге.  

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
20:46, 16 сәуір 2021
ТҰРҒЫН ҮЙДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ
20:28, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАШЫ БОЛҒАН ЖЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАД...
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
20:37, 15 сәуір 2021
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖАЛҒЫЗ ТӘСІЛІ – АЛДЫН АЛУ
Толығырақ...