ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Толығырақ

«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫНА» - 55 ЖЫЛ

20:38, 14 қазан 2020

«Қостанай минералдары» АҚ құрылғанына биыл 55 жыл толып отыр. Осыған орай Жітіқара қаласында іргелі кәсіпорынның мерейтойы атап өтілді. Жарты ғасырдан астам тарихы бар комбинат мерекесінде бірқатар әлеуметтік іс-шаралар көрініс тапты.

«Қостанай минералдары» АҚ-ның 55 жылдық мерейтойы шеңберінде «55 игі іс» 

атты акция ұйымдастырылды. Солардың бірі - жергілікті ақсақалдар бастамасымен жүзеге асқан Жағалбайлы руларының шежіресінен сыр шертер тарихи ескерткіш. Тас тұғырдың ашылу салтанатында кәсіпорынның басқарма төрағасы өз лебізін білдірді.

Кезекті келелі істің бірі – салауатты өмір салтын ұстанатын спорт сүйер қауымға, соның ішінде, жеңіл атлеттерге арналған жүгіру жолағының салынуы. Оның ұзындығы - 1 шақырым 200 метр. Моноқаладағы маңыздың нысанның қолданысқа берілуін тұрғындар да, тізгін ұстаған тұлғалар да қуана қабылдады.

55 игі іс акциясы аясында көрініс тапқан шаралардың бірі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналды. Осы орайда шағын әдеби кеш ұйымдастырылып, жастар Абай әндерін орындап, шығармаларынан үзінді оқыды. Осылайша бірнеше игі шара бір арнада тоғысып, кәсіпорынның кезекті мерейтойы тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тақырып бойынша материалдар

ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
20:12, 18 маусым 2021
ЕСКІ БАНКНОТТАРДЫ ҚАЙДА АЙЫРБАСТАУҒА БОЛАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ
20:45, 16 маусым 2021
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚОЛДАН ӨСІРУШІЛЕРГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖ...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
21:24, 16 маусым 2021
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 17 маусым 2021
«ASHYQ» ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛДАРЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...