ШҰҒЫЛ! АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ Толығырақ

КІРІС КӨЗІ - КӘСІПКЕРЛІКТЕ

20:22, 17 ақпан 2021

Мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдаланып, ең төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар саны уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Азматтардың аз уақыт аралығында кәсіп ашуына «Еңбек» бағдарламасы оң ықпал етіп отыр. Жоба тиімділігін Б. Майлин ауданының жұртшылығы да сезінуде. Оған өлкеде бар-жоғы бір жыл көлемінде жеке бизнес бастаған тұрғындар айқын дәлел. Тақырыпты тілшіміз жалғайды.

Иван Белинский жұбайы екеуі отбасылық бизнесті осыдан 2,5 жыл бұрын бастаған. Ол үшін «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытында көрсетілген тиісті нұсқаулықтарды екі етпей орындап, «Бастау бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік қыр-сырын меңгеріп, 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алып, ауданда келушілері көп көлік жөндеу станциясын ашқан.

Игі жоба арқылы Иван өзін ғана емес, қасына көмекші алып, оны да еңбекпен қамтып отыр. Жалпы, жұмыссыздықты жоюға бағытталған бағдарлама бұқараның барлық санатына өз тиімділігін көрсетуде. Осы орайда, былтыр ауданда үш көпбалалы отбасы әрқайсысы 555 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, тұрмыстық қызмет көрсету бағытында жеке кәсіп бастаған. Сондай-ақ, екі отбасы мал шаруашылығын дамыту үшін жалпы сомасы 7 млн теңгеге несие рәсімдеген.

Бұл ауданға былтыр жұмыссыздықпен күресуді көздеген жобаны іске асыру үшін 121 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Жауапты мамандар бұқараны бағдарламаның барлық бағытымен қамтып, жылдық жоспарды 135 процентке артығымен орындап, облыс бойынша алдыңғы қатардан көрінген аудандардың санатына кірді.

Тақырып бойынша материалдар

«БЖК-2025» БОЙЫНША БИЫЛ 834 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:04, 26 ақпан 2021
«БЖК-2025» БОЙЫНША БИЫЛ 834 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫ ӨСІРУШІЛЕР ЖАҢА СУБСИДИЯ АЛАДЫ
20:09, 24 ақпан 2021
МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫ ӨСІРУШІЛЕР ЖАҢА СУБСИДИЯ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
18:20, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...